Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрақтылық және жарқын болашаққа бағытталған таңдау

Тұрақтылық және жарқын болашаққа бағытталған таңдау

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның IX отырысында Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаевтың сөйлеген сөзі

Құрметті Эльвира Әбілқасымқызы!
Құрметті комиссия мүшелері!

Бүгінде Қазақстан ауқымды өзгерістің, түбегейлі бет­бұ­рыстың алдында тұр. Халқымыз ұлт жылнамасындағы жаңа кезеңге қадам басуда.
Президентіміздің қатысуымен Сыр бойын­да өңірімізде өткен Ұлттық құрылтайдың қоры­тынды бесінші отырысы тарихи миссиясы айрық­ша мазмұнға ие алқалы жиын болды.

Құрылтайда еліміздің келешек бағдары айқындалып, қоғамдағы ең өзекті мәселелер ашық талқыланды.
Президентіміз бұған дейінгі ауқымды саяси реформаларының жалғасы ретінде Конс­титуциялық реформаға қатысты өз ұста­ным­дарын жеткізді.

Ел тарихындағы маңызды шешімдерді ұсынды.

Конституциялық реформа – еліміздің сая­си жаңғыруына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын күшейтуге, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтуға ба­ғыт­талған.

Мемлекеттілігіміздің басты нышаны болып табылатын Конституцияның жаңа жобасын қарау барысында түскен ұсыныстарды, сараптамалық қорытындылар мен мазмұнды бастамаларды терең талдаудан өткіздік.

Біз Конституцияның негізгі қағидаларын сақтай отырып, оның өзгеріп жатқан жағ­дайларға бейімделу қажеттілігін ескердік. Құқықтық мемлекет, адам құқықтары мен Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделерін қорғау принциптеріне сүйендік.
Ұсынылып отырған тәсілдер мен шешімдер – жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазіргі заманға сай азаматтарға бағытталған Конституция қалыптастыруға деген ұмтылысты білдіреді.

Өңірлер үшін жаңа Конституция жобасының практикалық маңызы зор. Құжатта әкімдіктер күнделікті жұмыс барысында бетпе-бет келетін мәселелер қамтылған.

Бұл су мен жер ресурстарын тиімді пайдалану, экологиялық жағдай, әлеуметтік қорғау, білім беру, аймақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

Конституция жобасы біз үшін, ең алдымен, шешімдер қалай қабылданатыны, оның жүзеге асырылуына мемлекет қандай жауапкершілік алатынын айқындайды.

Сонымен қатар, мемлекеттің егемендігін нығайтуға, азаматтар алдындағы жауап­кер­шілігін арттыруға бағытталған тың тұстарын ерекше атап өту қажет.

Маңызды құжатта әсіресе экологиялық қауіпсіздік мәселесіне айрықша мән берілген. Қызылорда облысы үшін бұл нормалардың маңызы өте зор.

Аралды құтқару – барша адамзат үшін әлі де өте өзекті міндет. Арал теңізінің тағдыры – ауыр сабақ. Оның салдарын бүгінгі күнге дейін сезініп келеміз.

Мемлекеттің қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету міндетін, азаматтардың эко­ло­гиялық қауіпсіздікке қатысты құқығын, адам­дардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақпарат үшін артылатын жауап­кершілік туралы нормаларды біз толық әрі саналы түрде қолдаймыз.
Бұл біздің өңір үшін тек жалпылама айтылған ұранды сөз емес, болашақ үшін маңызы айрықша құқықтық кепіл болып табылады.

Аймағымыздың табиғатын сақтауға, эко­ло­гиялық жағдайын жақсартуға бағыт­тал­ған көптеген ауқымды жобаларды жүзеге асырдық. Алдымызда әлі де атқарылуы тиіс жұмыстар аз емес.

Жаңа Конституция жобасының маңызды бағыттарының бірі – мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін күшейту.

Бұл құжат адамның құқықтарын қорғауға, өңірлерді қолдауға, әлеуметтік теңсіздікті төмендетуге бағытталған.
Атап айтқанда, ауылдық аумақтардың дамуына, жұмыс орындарын құруға, инфра­құры­лымды жаңғыртуға, қолжетімді әлеуметтік қызметтерді жүйелі түрде іске асыруға, халық ал­дындағы міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.

Елімізде адами капиталды дамыту үшін білім беруді стратегиялық басымдық ретінде бекітеді.
Біз жастардың болашағына инвестиция салуды, сұранысқа ие мамандарды даярлау­ды, жас азаматтардың өз әлеуетін туған жерінде іске асырып, болашағын туған елмен байланыс­тыруына жағдай жасауды толық қолдаймыз.

Ата Заңымыздың жаңа жобасы мем­лекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, жауап­кершілікті айқын әрі анық бөлуге бағытталған.
Бұл аймақтар үшін нақты даму бағдарын айқындауға, инфрақұрылымдық, әлеуметтік жобаларды жүйелі түрде іске асыруға, халық алдындағы міндеттемелерді сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Жаңа Конституция жобасын қолдаймыз.

Себебі, бұл құжат өңірлерді дамытудың шынайы қажеттіліктерін, аймағымыздың эко­логиялық жағдайы мен тұрақты даму мә­селелерін толық қамтиды.

Ең негізгісі, адам мен табиғат және мемлекет мүдделері біртұтас жүйе ретінде қарастырылуында.
Бұл – жауапкершілік, тұрақтылық және жарқын болашаққа бағытталған таңдау!
Назарларыңызға рақмет!

10 ақпан 2026 ж. 46 0