Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Жастар қарқынды дауыс беруде

Жастар қарқынды дауыс беруде

Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің сайлауында дауыс беруге ынта танытқан сайлаушылар нөпірі жоғары.

Таңмен таласа учаскеге асыққан сайлаушылардың қатарында жастардың үлесі аз емес. Олардың ішінде алғаш рет таңдау жасауға мүмкіндік алғандар бар. Солардың бірі - Еңлік Сәкенқызы. Дауыс беруді жауапкершілік түсінетін жас сайлаушы бұл күннен алған әсерімен бөлісті.

- Шынын айтсам, дауыс беру учаскесіне келіп бюллетень алып, кандидаттар арасынан өз таңдауымды жасаған кез ерекше әсер етті. Мен ғана емес менің бауырым да дауыс берді. Өз ауданымыздың болашағы үшін бәріміз үлес қосуымыз керек,- деді Еңлік Сәкенқызы.

Айта кетейік, Тереңөзек кентінде 7376 сайлаушы тізімге енген. Оның ішінде 2453 сайлаушы - жастар.

3 кандидат тіркелді. 2-і өзін өзі, 1-і саяси партия атынан ұсынылды.

08 ақпан 2026 ж. 42 0