Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Кент әкімін сайлауға келген Ұлы Отан соғысының ардагері алғаш болып таңдау жасады

Кент әкімін сайлауға келген Ұлы Отан соғысының ардагері алғаш болып таңдау жасады

Бүгін Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің әкімі сайланады.

Науқанда 7376 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. 4 учаскелік комиссия жұмыс жасайды.

3 кандидат тіркелген, оның 2-і өзін өзі ұсынса, 1-і саяси партия атынан ұсынылған.

Заңға сәйкес, 07.00-де дауыс беру басталып, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушыларға бюллетень таратуды бастады.

Учаскеге келе алмайтын сайлаушылар түскі 12.00-ге дейін өтініш беру арқылы үйден дауыс беруге мүмкіндік алады.

Учаскеге алғаш келген дауыс берушілер өз таңдауын жасауда. Солардың бірі - Ұлы Отан соғысының ардагері - Яхия Тасыров. Майдангер әрбір науқанда ел бірлігін жоғары қойып, азаматтық үн қосуды сайлаудан бастайды.

Қызылорда Облыстық Сайлау Комиссиясы

08 ақпан 2026 ж. 40 0