Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Кент әкімі сайлауы өтеді

Кент әкімі сайлауы өтеді

8 ақпан, жексенбіде Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде әкім сайлауы өткізіледі.

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, бүгін 00.00-де кандидаттар үшін үгіт аяқталады. Заңдылыққа сәйкес үгіт кезінде бұрын ілінген баспа өнімдері сақталады, тек жаңадан үгіт парақтары жарияланбауы тиіс.

Науқанда 7376 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. 4 учаскелік комиссия жұмыс жасайды.

3 кандидат тіркелген, оның 2-і өзін өзі ұсынса, 1-і саяси партия атынан ұсынылған.

7 ақпан - тыныштық күні, 8 ақпан - дауыс беру күні. Дауыс беру таңғы сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асады. Азаматтар жеке куәлігін көрсету арқылы бюллетень алып, сайлауда дауыс бере алады.

Учаскеге келе алмайтын сайлаушылар 8 ақпан күні түскі 12.00-ге дейін өтініш беру арқылы үйден дауыс беруге мүмкіндік алады.


08 ақпан 2026 ж. 37 0