Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданы әкімі брифинг өткізді

Қазалы ауданы әкімі брифинг өткізді

Қазалы ауданының әкімі А.Ә.Есмаханов
БАҚ өкілдеріне арналған брифингте сөз сөйледі

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Баршаңызға Қайырлы күн!

Сіздермен бүгінгі брифинг алаңында жүздесіп отырғаныма қуаныштымын.
Қасиетті Қазалы ауданы – қашанда қайнаған қызу жұмыстың, тынымсыз тіршіліктің, қарқынды құрылыстың ордасы. Киелі Сыр өңіріндегі 80 мыңға жуық халқы бар Қазыналы ауданда жүріп жатқан жүйелі жұмыстарға, әрбір жағымды жаңалық пен жаңаруға Өздеріңіз куә болып жүрсіздер деп есептеймін.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Сыр өңіріне деген айрықша қолдауының арқасында, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының басшылығымен ауданымызда айтулы істер, жарқын жобалар жүзеге асып келеді. Аудан халқының әл-ауқатын жақсарту бағытында алда атқарылар жүйелі жұмыстарда жетерлік.
Бүгінгі жиында Өздеріңізге 2025 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайында толықтай тарқататын боламын.
Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшымыз                    Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірдің даму қарқынына, атқарған жұмыстарымызға оң бағасынберген болатын.
Осы жылдың 20 қаңтар күні Қызылорда қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі Ұлттық құрылтайтың бесінші отырысыөтті. Ұлтты ұйыстырып, бірлігімізді бекемдей түсетін алқалы жиынның Сыр елінде өтуі – өткен мен бүгінді сабақтастыратын тағылымды таңдау, аймағымыздың ел өміріндегі айрықша орны мен беделінің айқын көрінісі болды.
Алқалы жиында Президентіміз Қызылорда облысыбарлық салада қарқынды дамуда екенін, облыстың жағдайы жалпы жақсы екенін айтты.
2025 жылСыр өңіріндегі Қазалы ауданы үшінде бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды деп айтуға болады.
Бүгінде Қазалы ауданының экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері ілгеріледі.
2025 жылға арналған аудан бюджетінің кірестері18,9 млрд.теңге болып бекітіліп, 21,6 млрд.теңгеге нақтыланды. Оның ішінде, өз кірістеріміз 3,1 млрд.теңгеге бекітілсе, нақтыланған жоспар  4,1 млрд.теңге, нақты4,5 млрд.теңгеге орындалып, бекітілген бюджеттен 1,4 млрд.теңге қосымша түсім қамтамасыз етіліп,43,9% ұлғайды.
2026 жылға арналған аудан бюджетінің көлемі13,6 млрд.теңге болып бекітілді. Оның ішінде, өз кірістеріміздің жоспары          4,2 млрд. теңге.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында                   2025 жылдың 12 айында оң тенденция сақталды. 
Өнеркәсіп өндірісі – 112,3(32 млрд. 863 млн.теңге), өңдеу өнеркәсібі – 112,8(28 млрд. 863 млн. теңге),сауда – 101,1(16 млрд. 181,8 млн. теңге), ауыл шаруашылығы – 103,6(30 млрд. 869,4  млн.теңге),негізгі капиталға тартылған инвестиция – 105,1(29 млрд. 681 млн.теңге), құрылыс жұмыстарының көлемі – 145,6(20 млрд. 726  млн.теңге),тұрғын үй құрылысы – 105,7(67 093 ш.м.)пайызғаартты.

Кәсіпкерлік саласы бойынша
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында бүгінге дейін                   5371 кәсіпкер тіркеліп, нақты жұмыс жасап тұрғаны 5216 бірлік, яғни, белсенділік көрсеткіші –   97,1 пайыз болды.
2025 жылы ауданда жаңадан 32 кәсіпкерлік нысан бой көтеріп, 71 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
Кәсіпкерлікті қолдау шараларына келсек, 2025 жылы ауданда2 млрд. 400 млн. теңгеге ірі 4инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 3жоба іске қосылды. Оның ішінде ерекше атап өтетін «Тауарлы балық өсіру тоғанының құрылысы» жобасы.
Атап айтар болсам, жеке кәсіпкер О. Медеубаеваның 600 млн.теңгенің сауда үйі, жеке кәсіпкер Е.Алданазаровтың 650 млн. теңгенің аквапарк пен қоғамдық тамақтану орны, жеке кәсіпкер А.Бақытбектің 500 млн. теңгенің қонақ үйі.
Басықара ауылынан «Арал рыбторг» ЖШС 650 млн. теңгенің тауарлы балық өсіру тоғанының жобасы бойынша, кәсіпкерге464гектар жер учаскесі табысталып, тоғанның құрылысы жүргізілді. Өткен жылы400 мың дана балық шабақтары әкелініп, тоғандарға жіберілді. «Тауарлы балық өсіру тоғанының құрылысы» жобасы 2027 жылға қарай толығымен іске қосылмақ. Жобаға сәйкес мұнда барлығы 52 тоған жұмыс жасап, келер жылы 500 тоннаға жуық тауарлы балық алу жоспарланып отыр.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023-2024 жылдары         883,5 млн. теңгеге 131 жоба қаржыландырылып, 128 жұмыс орны ашылды. 2025 жылы 288,8 млн. теңгеге 40 жоба қаржыландырылып, 50 жұмыс орны ашылды.
Ауыл шаруашылығыдихандары 2025 жылы  17 мың                445 гектарғаауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, егін мерзімінде толық жиналды.
2025 жылы негізгі дақыл күріш 5 мың 636 гектарғаегіліп, әр гектардан 42,8центнерден өнім алынып, 24 мың 124тонна күріш жиналды.
2026 жылға 17 мың 257гектарға егін егу жоспарлануда. Оның ішінде негізгі дақыл күріш 6 мыңгектарғаегіледі деп күтілуде.
Биылғы жылы Президент Жолдауында көрсетілген агроөнеркәсіп кешенінде су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесіне байланысты егін шаруашылықтарында су үнемдеу технологияларын енгізу, су тапшылығы жағдайында өнімділікті төмендетпеу мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары қолға алынуда.
Облыс әкімінің қолауымен 2026 жылы сол жағалау алыбының 1-ГД, 2-ГД, К-3-2 коллекторлар жүйесін қайта жаңғырту мақсатында республикалық бюджеттен жұмысын бастауға 801,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Жоба құны 2 млрд. 589,5 млн.теңгені құрайды.
2025 жылдың 12 айында ауданнан Ресей, Беларусь, Дания, Германия, Тәжікстан, Қытай, Литва, Нидерланды елдеріне 6 235 тонна өнім, тарқатып айтсақ, 1 508 тонна күріш, 813 тонна балық, 4 074 тонна қамыс экспортқа шығарылды.
Бүгінде аудан бойынша мал басында өсім бар,  50 392 бас ірі қара, 54 751 бас жылқы, 13 563 бас түйе, 87 665 бас уақ мал, 6884 бас құс тіркелген.

Инженерлік-инфрақұрылым
Ауданымызда халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, сапалы инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жалғасуда.
2025 жылы Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарына Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекетке қайтарылған активтер есебінен, республикалық, облыстық және арнайы есеп шоттан, барлығы 1 млрд. 494,6 млн. теңге бөлініп, нәтижесінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазалы ауданының халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылды.
Анықтамалық:
Сарбұлақ (Жоба құны 714,9 млн. теңге), Шилі (Жоба құны 222,4 млн. теңге), Шәкен (Жоба құны 353,3 млн. теңге) және Шитүбек (Жоба құны 204 млн. теңге.)
Тұрғындарды электр энергиясымен қамтубағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.
2025 жылға Қазалы қаласының электр желілерін толық жаңғырту жұмыстарына (2024 жылы 111,4 млн. тг,)336,7 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде (Жоба құны 580,0 млн. теңге).                 
2026 жылға облыстық бюджетті нақтылау барысында аталған нысанның жұмысын жалғастыруға 132,0 млн.теңге бөлінді.
«Ауыл-Ел бесігі»жобасы аясында 442,8 млн.теңгеге Қожабақы ауылының электр желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары толық атқарылды.
2025 жылы Ү.Түктібаев ауылының электр желілерін жөндеуден өткізуге бюджеттік кредиттен 218,5 млн.теңге (Жоба құны 242,8 млн. теңге) бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Нысан жақын күндері пайдалануға беріледі.
Электр желілерінің тозу деңгейі 2024 жылы69 пайызға төмендесе, 2025 жылы 68 пайызға төмендеп отыр. «Ауыл-Ел бесігі»жобасы аясында Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығында орналасқан нысандар мен тұрғын үйлердің электр энергиясының тұтыну қуаттылығын арттыру мақсатында 2025 жылға қосалқы стансасының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 378,2 млн.теңге қаржы бөлінді.  Нысан 2026 жылға өтпелі (Жоба құны 1 млрд. 417 млн теңге).  
Елді мекендерді газдандыру жобалары бойынша
2024 жылдың аяғындаАбай ауылы(347,6 млн. тг) және 2025 жылы Ақтан батыр ауылы(325 млн .тг)табиғи газ отынына толыққанды қосылды.
2024 жылы Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысына 1 млрд. 562,4 млн.теңге қаржы бөлінсе, 2025 жылға жобаның жұмысын жалғастыруға 2 млрд. 171,1 млн.теңге бөлініп, жұмыстары толық аяқталды (Жоба құны 3 млрд. 733,5 млн. теңге).  
2025 жылы  ауданымыз 75пайызғагазбенқамтылып отыр (2024 жылы 70 пайыз).
2026 жылғаЖанқожа батыр(120 млн. тг. Жоба құны 336,8 млн. тг), Бекарыстан би(300 млн. тг. Жоба құны 594,4 млн. тг), Майдакөл(80 млн. тг. Жоба құны 267,5 млн. тг) және Түктібаев(180 млн. тг. Жоба құны 361,9 млн. тг)елді мекендеріне орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 680 млн.теңге қаржы бөлінді.
2026 жылдың соңына дейін елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 78,5 пайызға жеткізу жоспарлануда.
Көгілдір отынға қосылған елді мекендердегі әлеуметтік нысандардың бу қазандықтарын табиғи газга бейімдеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеміз.

Автомобиль жолдарын дамыту бойынша
2024 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі 88,2пайызды құраса, 2025 жылы Жанқожа батыр ауылының кіре беріс және «Әлсейіт» көпірінен бастап, Бекарыстан би ауылына дейінгі аралықтағы автомобиль жолдары1 млрд. 313,5 млн.теңгеге(9,5 шақырым)күрделі жөндеуден өткізіліп, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы жағдайдағы үлесі 91пайызды құрады.
2026 жылға Қожабақы-Аранды(Жобаның болжамды құны 777 млн. теңге) және «Қарлан» учаскесінен Бірлік ауылына дейінгі аралықтағы (Жоба құны 255 млн. теңге) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жоспарымызда бар. 2026 жылға жобаны бастауға  аудандық бюджеттен 10 млн.теңге қаржы бөлінді.
2025 жылы қала және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге 1 млрд. 481,3 млн.теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.
2024 жылы жұмысы басталған Қазалы қаласының 10көшесінің жұмысын жалғастыруға (2024 жылы 69,4 млн. тг)471 млн.теңге бөлінді. Нысан 2026 жылға өтпелі.
Өткен жылы Әйтеке би кентінің 17 көшесін жөндеуге 756 млн.теңге, Басықара ауылының 1 көшесін жөндеуге 53,8 млн. теңге, Жалаңтөс ауылының 2 көшесін жөндеуге 149,6 млн.теңге және Майдакөл ауылының 1 көшесін жөндеуге 50,2 млн.теңге қаржы бөлініп, барлығы – 31 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2026 жылға Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесінің айналма жолының құрылысы басталатын болады. Бұл жобаға облыстық бюджеттен 378,7 млн.теңге қаржы қаралса, А.Талқанбаев көшесінің жолын қайта жаңғыртуға 114,9 млн.теңгебөлінді.
2026 жылы Әйтеке би кентіндегі 10 көшеге күрделі және орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарымызда бар. Қазіргі уақытта 10 көшенің жұмысын бастауға аудандық бюджеттен 10 млн.теңге қаржы қаралып отыр.
Анықтамалық: Нұртуған жырау, Бекарыстан би, С.Байкөбеков, С.Сүлейменов, Жалаңтөс Баһадүр, Ж.Сайын, Жәнібек батыр, Қыз жібек, А.Құлтасбекова, А.Әбжанов.
2026 жылға Қожабақы ауылының тұсындағы темірбетонды көпірге күрделі жөндеу жұмысын бастауға облыстық бюджеттен 363,3 млн.теңге қаржы бөлінді. Жоба құны 512 млн.теңге.
Аймақ басшысының қолдауымен облыстық басқармалар арқылы ауданымызда бірқатар жұмыстар атқарылуда.
2026 жылға Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының екі аралығындағы 4 жолақты жолдың түнгі жарықшамдарын орналастыруға 102,3 млн.теңге қаржы бөлініп, бүгінде түнгі жарықшамдар толықтай іске қосылды.
2022 жылы Қазалы ауданындағы аудандық маңызы бар «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» автомобиль жолының 16 шақырымдағы Қарлан учаскесінен темір бетонды көпір құрылысы басталған болатын. Алайда мердігер мекеме «СтандартОйлКзо» ЖШС-інің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысы тоқтап қалған болатын.
Мердігер мекеме өзіне жүктелген міндеттемелерін толық орындамау салдарынан сот процестері жүргізіліп, келісім шарт біржақты бұзылды. Сондай-ақ көпір құрылысы жұмыстарын аяқтау үшін қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, жеңімпаз болып «НұрлыТау ЛТД» жауапкершлігі шектеулі серіктестігі анықталды.
2025 жылдың сәуір айында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен көпір құрылысы қайта басталып, жаңа мердігер мекеме тиісті жұмыстарды бастаған болатын.
Бүгінде көпір құрылысы қарқынды жүргізіліп, көпірдің кіреберіс жолдарын салу, Сырдария өзеніндегі суды уақытша бөгеу арқылы бетонтіреулерді құю жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылы«Қарлан» көпірінің  жұмысын жалғастыруға        758,4 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілсе, «Қарлан» көпірінің жоба сметалық құжаттарының қажетті қаржысына қайта есептеме жүргізіліп, жоба құны 6,3 млрд.теңгеге ұлғайтылды.
2026 жылғаоблыстық бюджет бекітілгенде«Қарлан» көпіріне 2,2 млрд.теңге бөлінсе, 2026 жылға бюджетті нақтылауда4,1 млрд.теңге қаралып, барлығы 6,3 млрд.теңге бөлініп отыр.
Сәтін салса, көпір құрылысын  жылдың соңына дейін аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Құрылыс саласын дамыту бойынша
2025 жылдың басында аудандық прокуратураның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. (Құны 339,8 млн. тг)
2025 жылы бюджеттен 1 млрд. 320,5 млн.теңгеге2 пәтерлік 40 тұрғын үй сатып алынып, 80 отбасыға жаңа баспана табысталды.
2025 жылдың мамыр айында аудан орталығы - Әйтеке би кентінде Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған «Руханият орталығы» ғимараты пайдалануға берілді. Орталықтың жоба құны – 1 млрд. 753,5 млн. теңге.
2025 жылдың желтоқсан айында «Ауыл – Ел бесігі»жобасы аясында 399,1 млн.теңгеге Майдакөл ауылында 100 орындық ауылдық клубтың құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілсе, жақында ғана аталған жоба аясында Бекарыстан би ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.(Жоба құны 398,5 млн. теңге).
Бұдан бөлек, жоба аясында Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағы (Жоба құны 628,7 млн. теңге) мен Қожабақы(Жоба құны 537,1 млн. теңге) ауылдарынан спорт кешендерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Спорт кешендерінің құрылысы мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі.
Бүгінде Қазалы ауданындағы 120 жылдық тарихы бар теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Тарихи ғимаратты қайта жаңғырту жұмысына «Қазақстан Темір жолы» компаниясы тарапынан 1,6 млрд.теңгеқаржы бөлінді.
Ал, «Қазақстан Темір жолы» компаниясы тарапынан 1,3 млрд.теңгеге вокзал жанындағы теміржол өткелі қайта салынып, аймақ басшысының қатысуымен ел игілігіне пайдалануға берілді.
Білім саласы бойынша
Ауданның білім беру саласында барлығы 91білім беру ұйымдары жұмыс істейді.Анықтама:(мектеп – 37, мектеп дейінгі білім ұйымдары – 51, қосымша білім беру ұйымдары – 3.Оқушы саны – 16693, мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілер саны – 5689, жалпы педагог саны - 2468).
Мемлекет басшысыныңбастамасымен қолға алынған «Келешек» ұлттық жобасы аясында биыл наурыз айында Жанқожа батыр ауылынан 300 орындық мектеп пайдалануға берілді (Бөлінген қаржысы 3 млрд. 938,8 млн. тг).
2025 жылы аудан орталығындағы №234 Ж.Жабаеватындағы мектепке 457 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілсе, 8 білім ордасына ағымдағы жөндеу жүргізуге 372,9 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толық атқарылды.
Аудандағы білім ордаларын жабдықталған кабинеттермен қамтамсыз ету мақсатында 304,7 млн.теңге бөлінсе, 25 білім беру ұйымдарына талапқа сай бейнекамера орнатуға 180 млн.теңге қаржы бөлінді.

Анықтама:Қазалы аудандық ауруханасына  1 орталық аурухана, 1 аудандық емхана,                       17 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік акушерлік пункт және 13 медициналық бекет қарайды. Аудандық ауруханаға қарасты мекемелерде 171 дәрігер, 765 орта буын медицина қызметкерлері және 440 басқада қызметкерлер жұмыс жасайды.
2025 жылдың басында мемлекетке қайтарылған активтер есебіненаудандық көпбейінді орталық аурухана ғимаратына жаспарлас 42 төсектіккардиология және инсульт орталығыныңқұрылысы басталды. (Құны құны 1 млрд. 848,2 млн. теңге, оның ішінде арнайы шоттан 1 млрд. 700 млн. теңге ОБ 148,2 млн. теңге).
Халыққа жоғары және сапалы медициналық көмек көрсетуге арналған орталық 2025 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді. Бүгінде орталыққа КТ аппараты әкелінсе, жыл соңына дейін аудан тұрғындары үшін өзекті мәселелердің бірі болып келген МРТ құрылғысы орнатылмақ. Қазіргі таңда жаңа аппараттармен жұмыс жасайтын тиісті мамандардың білімі жетілдірілді.
2025 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 185,2 млн.теңгеге Әйтеке би кентіндегі «Болат жолы»(96,5 млн. тг) және Бекарыстан би ауылындағы(88,7 млн. тг) дәрігерлік амбулаторияларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданның денсаулық сақтау саласында 2025 жылы айтулы жаңалықтар болды. Мәселен, өткен жылы аудандық ауруханада жүрек ырғағының бұзылыстары бойынша алғаш рет аритмологиялық жоғары мамандандырылған оталар жасалынды. Мұндай жоғары мамандандырылған ота Республика бойынша аудандар арасында алғаш рет Қазалы ауданында жасалынып отыр. Осы ретте, осындай күрделі оталарға қатысып, саланың дамуына үлкен үлес қосып жүрген Көбек Наршабаев, Жиенбаев Асылбек, Кенесары Баспаев сынды дәрігерлерімізді айта кеткен жөн.

Спорт саласы бойынша
Анықтама:(Ауданның спорт саласында барлығы 9 мекеме бар. Оның ішінде 2 спорт мектеп, 1 спорт клуб, 4 спорт кешені, 2 стадион. Спорт саласында 257 қызметкер жұмыс жасайды).
2025 жылы аудан спортында да жағымды жаңалыққа толы болды.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің және облыс әкімінің ерекше қолдауымен ауданымызда спорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жолға қойылды.                                                                                                                                                                                                                                                                                
Өткен жылы аудан спортшылары спорт түрлері бойынша Азия чемпионаттарында 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды. Халықаралық турнирлерде 2 алтын, 6 күміс, 7 қола медальды қоржынға салды.
Қазалылық сопртшы Толыбай Зарина Шри-Ланка елінің Коломбо қаласында бокстан өткен Азия Чемпионатында 75 келі салмақта чемпион атанса, Болат Ақбота 48 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені иеленді.
Оған қоса, Бішкек қаласында өткен гір көтеруден Азия чемпионатында Булекбаев Мейрамбеккүміс және қола медальдарын иеленді. Бахрейн мемлекеті Манама қаласында гандболдан жасөспірімдер арасында 3-ші Азия ойындарында жерлесіміз Көпжан Бану Қазақстан құрама сапында ІІІ орын иеленді.

Мәдениет саласы бойынша
Анықтама: (Аудан бойынша барлығы 52 мәдени мекеме, оның ішінде – 1 мәдениет орталығы, 7 мәдениет үйі, 15 ауылдық клуб, 2 музей, 26 кітапхана. Мәдениет саласында жалпы – 416 қызметкер бар).
2025 жылы Мәдениет саласында ауқымды шаралар өткізілді.
Өткен жылы қазалылықтар Ұлыстың Ұлы күні  - Наурыз мерекесімен Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Мереке қарсаңында ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы мен Сенат, Мәжіліс депутаттары және қонақтар мәдени шараларға қатысып, бірқатар жаңа нысандардың ашылуына куә болды.
Жалпы жыл көлемінде ауданда түрлі ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі форматтағы 1507 іс-шара өткізілді.
Биылғы жылы Ел Тәуілсіздігінің 35 жылдығын, атақты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының 450 жылдығын, мерейтойлар аясында республикалық ақындар айтысын, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің   80 жылдығын  атап өтуді жоспарлап отырмыз.

Әлеуметтік сала бойынша
Әлеуметтік саланың дамуын жеделдету – біздің алдымызда тұрған ең негізгі міндет.
Экономиканың түрлі саласында 2025 жылы 4741 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар негізінде қайтарымсыз грант алғандар - 146 адам, әлеуметтік жұмыс - 60, жастар практикасына - 311, ақылы қоғамдық жұмысқа - 939, күміс жас жобасына - 85, 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнына - 958, ауыл аманатына - 66, тұрақты жұмысқа - 1957, ұлттық жоба бойынша 276 адам жұмыспен қамтылды. 2025 жылдың  қорытындысымен жұмыссыздар саны 1139 адам, жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап отыр.

Жастар саясаты
Қазір аудан халқының 29,7 пайызы – жастар. 2025 жылы ерікті жастардың қатысуымен барлығы 200-ден аса іс-шаралар өткізілді. Ал оған 6500  жас қатыстырылды. Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен бүгінге дейін, 80 мәдени шара, 64 спорттық сайыс,  мемлекеттік бағдарламалар бойынша сала мамандарымен бірге 40 кеңес беру акциясы,
жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағыттары бойынша 64 қоғамдық рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Сондай-ақ орталықтың мамандарымен бірге 4500-ден астам жастарға кеңестер берілді. Оның ішінде 50 жас құқытық кеңес,  250 жас түрлі мәселелер және 800-ден астам жастар түсіндірме жұмыстарымен аралау барысында кеңес алған.
Сонымен қатар аудандағы NEET санатындағы 71 жасты құрайды. Оның ішінде «Д» санатында – 49 жас, «Е» санатында – 22 жас көрсетілген. Сонымен қатар, біздің аумақта тұрмайтын14 жас анықталды.
Қалған 57 жасқа адрестік аралау жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 9 жастың Қазалы ауданында көрсетілген мекен-жайда тұрмайтыны белгілі болды. Тұрақты жұмыс жасайтын 11 жас, 22 жасқа міндетті әлеуметтік аударымдар төленді.
Бүгінгі күні қалған NEET санатындағы 15 жасты қолайлы санаттарға ауыстыру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың ұсыныстарына құлақ түру мақсатында «Жастар керуені» жобасы тұрақты өтіп келеді. Жоба аясында  ауылдық елді мекенде түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіліп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Айта кету керек «Жастар керуені» жобасы республикадағы ең үздік 10 жобаның бірі деп танылды.
Абаттандыру
2025 жылы аудан орталығынабаттандыру мақсатындақарқынды құрылыс жұмыстар жүргізілді.
Атап айтар болсам, аудан әкімдігі ғимараты мен Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицей алдына «Руханият скверінің» құрылысы (200 млн. тг)жәнеӘйтеке би кентіндегі «Орталық алаңға» абаттандыру жұмыстары жүргізіліп (193,8 млн. тг),  аудан  тұрғындарына пайдалануға берілді.
Ауданда жүргізілген абаттандыру жұмыстарының ішіндегі ең ауқымды жұмыстарының бірі- Әйтеке би кентіндегі мәдени-демалыс кешені екендігі өздеріңізге белгілі.
Кешен, 2025 жылы мамыр айында Ұлы Жеңістің 80 жылдығықарсаңында пайдалануға беріліп, қазіргі уақытта аудан халқы мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды (Құны 911,7 млн. тг). 
Өткен жылы аудандық бюджеттен вокзал маңындағы ескі су мұнарасының сыртқы келбетін жаңғырту мақсатында 9 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толық жүргізілсе, вокзал аумағын абаттандыру мақсатында 80 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2026 жылға өтпелі.
Облыстық бюджеттен 15 млн.теңгеге Жанкент елді мекеніндегі саябаққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілсе, аудандық бюджеттен Қазалы қаласындағы орталық алаңды абаттандыруға 20 млн.теңге бөлініп, жұмыстар толық атқарылды.
Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүзеге асып келеді. Бұл тазалық науқанына барша қазалылықтар жыл сайын белсене атсалысып келеді.
Аталған акция аясында санитарлық тазалық пен абаттандыру бағытындағы шаралар аудан көлемінде кең ауқымда ұйымдастырылып, жыл басынан бері жалпы саны 100-ден астам сенбілік өткізілді. 20 840 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылып, оның  7688 тоннасы  сұрыпталды.
Ал, тазалық шаралары аясында аудан бойынша жыл басынан бері 41 900 ағаш егіліп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.



Құрметті брифингке қатысушылар!
Ауданымызда 2025 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттердің легі осындай.
Алда атқарылар жұмыстар ауқымды, мақсат-міндеттер де жоғары.
Жоспарланған жұмыстарды іске асыруға ел Президенті мен Үкімет басшысы, аймақ басшысы тарапынан үлкен қолдаулар жасалуда.
Жыл соңына дейін ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту бойынша міндеттер тұр. Оның ішінде салықтық түсімдер көздерін, инвестиция тарту, кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайту.
Бастысы – елдің тыныштығы мен береке-бірлігі. Елде тыныштық пен бірлік болса, алдағы уақытта да аудан экономикасының қарқынды дамуына құтты қадамдар жасалып, аудан халқының қолдауымен жүзеге асыратын боламыз,– аудан әкімі өз сөзін қорытындылады
02 ақпан 2026 ж. 51 0