Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаған ауылындағы өнер мектебінің жұмысымен танысты

Шаған ауылындағы өнер мектебінің жұмысымен танысты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылындағы Өнер мектебінің жұмысымен танысып, ғимараттың жай-күйі, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, үйірмелердің жұмыс барысын көрді. Аудан басшысы оқу процесін жетілдіру, оқушыларға қолайлы жағдай жасау және мектеп инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Бүгінде Шаған ауылдық Өнер мектебінде домбыра, хореография, қобыз, скрипка, вокал, дәстүрлі ән бағыттар бойынша үйірмелер жұмыс жасайды. Аталған үйірмелерге барлығы 180 бала қамтылып, олар өнердің түрлі салалары бойынша білім алып, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруде.

Аудан әкімі білім мен мәдениет саласының қоғамдағы маңызын атап өтіп, аталған саладағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру қажеттігін айтты. Сонымен қатар, мектептің инфрақұрылымын жақсарту және үйірмелердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 қаңтар 2026 ж. 186 0