Ақжарма ауылындағы спорт нысанының жай-күйімен танысты
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге Ақжарма ауылындағы спорт нысанының жай-күйімен танысты.Спорт нысанының материалдық-техникалық базасы, ғимараттың жалпы жағдайы, жаттығу залдарының талапқа сәйкестігі және үйірмелердің жұмыс барысы және жылу қазандығының жұмысын көрді.
Бүгінде Ақжарма ауылдық спорт клубында үстел теннисі, футбол, дзюдо, қазақ күресі және еркін күрес бағыттары бойынша 6 үйірме тұрақты жұмыс істейді. Аталған үйірмелерге барлығы 230 бала қамтылған. Бұл ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және болашақта спорттық жетістіктерге жетуіне оң ықпал етуде.
Аудан әкімі спорт нысанын одан әрі жетілдіру, үйірмелер санын арттыру мәселелері бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










