Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жаңарған мектеп жұмысымен танысты

Аудан әкімі жаңарған мектеп жұмысымен танысты

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназармен бірге С.Сейфуллин ауылындағы №137 мектепке барды.

Аудан басшысы күрделі жөндеуден өткен білім ордасының оқу кабинеттерінің жабдықталуын, материалдық-техникалық базасының жай-күйін және жылу қазандығының жұмысын көрді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен, Үкіметтің және аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өңірдің білім саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде аймақтағы білім ошақтары кезең-кезеңімен жаңалануда. Бұл – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына бағытталған нақты әрі жүйелі жұмыстар, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аталған мектепте 378 оқушы білім алуда. Оларға 58 мұғалім сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді. Оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуы үшін барлық жағдай жасалған.

Аудан әкімі елдің ертеңі – білімді ұрпақтың қолында екенін атап өтіп, ұстаздар қауымының жауапты міндетіне тоқталды. Сонымен қатар, білім сапасын арттыру, шығармашылық ізденіс пен кәсіби шеберлікті жетілдіру бағытында жұмыстарды күшейтудің маңызын айтты.


Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына балалар қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстап, жылу беру маусымында мәселе туындамауын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 қаңтар 2026 ж. 56 0