Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл арқалады

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл арқалады

Сырдария  аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Р-ға қатысты әкімшілікқұқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы Р. 2025 жылғы 3 желтоқсан 18 сағат 30 минут шамасында қоғамдық орында, яғни Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы, Сарке батыр көшесі бойында орналасқан №137 орта мектептің жанында, яғни қоғамдық орында, С.-ға былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, қоғамдық тәртiпті бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушының ұсақ бұзақылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ  сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сырдария аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Р. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге әкімшілік айыппұл  салынды.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
23 қаңтар 2026 ж. 350 0