Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Жеңімпаз ұстаздар

Жеңімпаз ұстаздар

Жаңақорған шипажайында шығармашыл ұстаздарға арнап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Тәжірибе алаңы-2026» атты семинар өткізді. Семинардың басты мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, заманауи білім беру үрдісіндегі тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу.

Іс-шара барысында мұғалімдер өз­дерінің озық педагогикалық тәжі­рибелерін ортаға салды. Қатысу­шылар инновациялық технологияларды сабақ барысында қолдану жолдарына ерекше назар аударып, өзара пікір алмасты.

Семинар шығармашыл ұс­таз­дардың кәсіби әлеуетін нығайтып, білім сапасын арттыруға бағытталған тың идеялардың қалыптасуына ық­пал етті. Мұндай тәжірибе алаң­дары педагогтер арасындағы ын­ты­мақтастықты күшейтіп, үздік тәжі­рибелердің кеңінен таралуына мүм­кіндік береді.

Осы ретте Қызылорда облыстық Бі­лім және ғылым қызметкерлері кәсіп­одақ комитетінің қолдауымен өткен тәжірибе алаңының ашылу салтанатында «Өрлеу» Қызылорда об­лысы бойынша кәсіби даму инс­титутының қызметкерлері, қала­лық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, сондай-ақ облыс мек­тептерінен келген 80-ге жуық педагог бас қосты.

Институт директоры Қызжібек Абдраманова педагогтердің озық тәжірибесін тарату, шығармашылық әлеуетін дамыту және өзара ынты­мақтастық арқылы білім сапасын арттырудың маңыздылығына тоқ­талды. Қатысушыларға үш күнге ар­нал­ған мазмұнды бағдарлама таныстырылып, жасанды интеллектке негізделген шеберлік сыныптары, конференция, кәсіби байқаулар, спорт­тық сайыстар мен мәдени іс-шаралар ұсынылды.

Алғашқы күн «Педагогтердің кәсіби өсуі мен дамуын басқару» атты дәріс-диалогпен басталды.
«Өрлеу» институтының аға оқы­ту­шылары келесі бағыттар бойынша шеберлік сыныптарын өткізді: «Құндылықтар мен дағдыларды дамытудағы бағалау құралдары», «Ұлттық құндылықтарға негізделген оқыту парадигмалары және прак­тикалық шешімдері», «AI интеграциясы негізіндегі сабақ моделі», «Пе­­дагогикалық инновациялар кон­­­тек­стіндегі жасанды интеллект интеграциясының әдістемелік негіз­дері».

Сонымен қатар «Интеллектуалды баттл – 2026» сайысында педагогтер білімдері мен логикалық ойлау мүмкіндіктерін сынады. «Ел іші – өнер кеніші» мәдени бағдарламасы ұйым­­дастырылып, қа­тысушылар өнер­­­лерін ортаға салды.

Екінші күн «ЖИ бағытындағы үздік сабақ» кәсіби байқауымен жал­ғасты. Мұғалімдер жасанды интеллект негізінде әзірленген сабақ жос­парын ұсынып, практикалық жұмыстарын қорғады.

Педагогикалық айтыста №42 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлархан Бекежан жүлделі үшінші орын ие­ленді.
Спорттық сайыстарда теннис­тен №44 орта мектептің инфор­матика пәнінің мұғалімі Тұрар Жағы­пар – үшінші орын, дойбыдан №210 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Заманбек Аманбеков үшінші орын алды.

Өткізілген іс-шараларға сара­п­тамалық талдау жасалып, қаты­сушылар рефлексия жүргізді.

Үшінші күн «Білім берудегі жасанды интеллект практикалық тәсілдер мен педагогикалық мүмкіндіктер» атты ғылыми-практикалық конференциямен басталды.
Пленарлық тың­­­далымға 8 баяндама ұсынылып, электронды жинаққа 50-ден астам жұмыс енді.

Спикер ретінде №130 орта мек­тептің математика пәнінің мұ­ғалімі Мейірбек Тыныштықбаев пен №210 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Заманбек Аманбеков өз ең­бектерін таныстырып, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

«Педагогикалық идеялар аукционында» №210 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Заманбек Аманбеков жүлделі II орын иеленді.
Сонымен қатар Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда универ­си­тетінің PhD докторанты Бақытжан Жұмаділда 3D модельдеу және цифр­лық құралдарды сабақта тиімді қолдану жолдарын көрсетті.

Қатысушылар «Алтын көмбе» интеллектуалды квестіне қатысып, логикалық тапсырмаларды ко­ман­далық түрде шешті. Ең көп ұпай жинаған Сырдария ауданының командасы жеңімпаз атанып, оқуға құш­тар мектеп жобасы аясындағы театрландырылған көріністе аудан мұғалімдері бірінші орын иеленді.

Қорытынды жиынға Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы об­лыстық комитетінің төрайымы Гүлнәр Есқалиева, Жаңақорған ау­дандық білім бөлімінің басшысы Нариман Жахудаев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Есқабылов қатысып, тәжірибе алаңының өңірдегі білім сапасын арт­тырудағы рөлін атап өтті.

Сараптамалық талдау нәтижелері ұсы­нылып, қатысушылардың пі­кір­лері мен ұсыныстары тыңдалды.
«Педагогикалық идеялар аук­цио­­нында» ерекше көзге түскен №210 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Заманбек Аманбеков «Ең жас дарын» номинациясына ие болды.

Сонымен қатар команда жетек­шісі, аудандық білім бөлімінің әдіс­кері Мұстафа Мамытов – «Үздік әдіскер» атанды. №36 мектеп-ли­цейдің физика пәні мұғалімі Оразгүл Сейтакбарова, математика пәні мұғалімі Айзада Хамитова, №35 мек­теп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ақмарал Камалбекова Құрмет грамотасымен, №44 орта мектептің қазақ тіл мен әдебиеті пәні мұғалімі Самал Қоңырбаева, №139 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ерсұлтан Шайхысламов Алғыс хатпен марапатталды.


Ақтоты ТЕМІРХАНҚЫЗЫ

13 қаңтар 2026 ж. 89 0