Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаттыққа толы кәсіподақ шыршасы

Шаттыққа толы кәсіподақ шыршасы

Жылдағы дәстүрге сай аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті кішкентай бүлдіршіндерді қуанышқа бөледі. Жаңа жылдың сәні – шырша болса, таңғажайыптарға толы мереке қарсаңында ұйымдастырылған жаңа жыл кешіне 100-ден аса білім қызметкерлерінің балалары қатысты.

Мерекелік іс-шараға балалармен бір­ге сала ардагерлері Жантемір Айсин, Сансызбай Сәдуақасов, аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмас Есназар, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиа­лының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы арнайы қатысты. Ел аға­лары кішкентай бүлдіршіндердің ертеңгі болашаққа айналарын тілге тиек етіп, ақ тілектерін арнады.

– Қымбатты біздің кішкентай дос­тарымыз! Біз сіздермен бірге ертегіге толы Жаңа жыл мерекесін қарсы алып отырғанымызға қуаныштымыз. Еліміздің жарқын болашағына айналу үшін бүгін сіздер тәртіпті, тәрбиелі, ақылды әрі еңбекқор болуларыңыз керек. Жаңа жыл – сиқыр мен ғажайыпқа толы, ең көңілді мерекелердің бірі. Бүгін сендердің күлімдеген жүздеріңді, қуанышты көңіл-күйлеріңді көріп, бәрі­міз де қуанып тұрмыз. Жаңа жыл­да мықты денсаулық, оқуда озат болу­ларыңды тілеймін. Арман­дарың орын­далып, әр күндерің қуаныш пен шаттыққа толы болсын! – деді аудан­дық білім қызметкерлері кәсіп­одақ комитетінің төрағасы Алмас Зейноллаұлы.

Өз кезегінде құрметті қонақтар бүл­діршіндерге арнаған ақ тілегін жау­дырды. Балалар ойын ойнап, көңіл көтерді. Кеш барысында балаларға арналған ертегі қойылымы қойылып, өнерлі бүлдіршіндерге Аяз атаның тәт­ті сыйлығы ұсынылды.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

31 желтоқсан 2025 ж. 138 0