Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Елдігіміздің мәңгілік тұғыры

Елдігіміздің мәңгілік тұғыры

Тәуелсіздіктің алғашқы жылы еліміз Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге таныла бастады. Биыл егемендігімізге – 34 жыл. Осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекетіміз әлем сахнасына шығып, зор беделге ие болды. Көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.

Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыт. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаруға үлес қосуда.

Бұл күн – киелі жеріміз бен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін күрескен ата-бабаларымыздың асқақ армандарының орындалған күні. Бұл күн – өз болашағымызды өзіміз айқындауға қол жеткізген ұлы күн! Сондықтан да тарихы тереңде жатқан 16 желтоқсан біз үшін қасиетті де қастерлі күн.

Тәуелсіздік – дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуелсіздіктен биік ұлы мұрат жоқ. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік.
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарысының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, еге­мендігіміз баянды болсын!

Несібелі КЕРЕЙТБАЕВА,
еңбек ардагері
16 желтоқсан 2025 ж. 348 0