Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аудан ақпаратын үнжариядан аламыз

Аудан ақпаратын үнжариядан аламыз

Ауданның тынысына айналған жаңалықтар жаршысы әрдайым үйімнің төрінен табылады. Қаламгерлер әр ақпаратты айқын әрі нық жеткізіп, қапыда қалдырмайды. Осы тұста газеттің жарық көруіне атсалысып, мақала дайындауда бар күш-жігерін салатын қаламгерлердің еңбегі орасан.

2026 жыл­дың І жарты­жыл­дығына бас­­­­пасөзге жазылу нау­қаны өту­­де. Ау­­данға қа­­расты қай ел­ді ме­­­кенге бол­­сын тір­ші­ліктің тынысы үз­діксіз, уақытында жеткізілуде. Бұл тұста күн-түн демей газет таратуда еңбек етіп жүрген таратушыларды айтып өту орынды. Қыстың қытымыр аязында, жаздың аптап ыстығына қарамай төл газетті уақытылы оқырманына жеткізуде тер төгіп жүрген жандар әркез құрметке лайық. Баспаханадан шыққан әр басылым өзіне тиесілі иісімен ерекше. Ол иіс кез келген шаңырақты жаңалықпен сусындатады. Сондықтан төл басылым әрдайым төріңізден табылсын.


Әр саланы ақпараттандырып, оқырман олжасына қызықты жеткізе білу де – өнер. Кез келген шаңырақтан газеттің иісі шығып, жазылған мақаламен ақпараттанса, қаламгер еңбегі еленді деген ұғым. Өзім тоқсанның төріне шықсам да газеттің әр басылымын жібермей жаңалықпен таныс боламын. Еңбек етіп жүргенде де газетке міндетті түрде жазылып, жаңа басылымды асыға күтетінмін. Бүгінде жастар газет оқуды азайтқан. Технологияның дамыған заманында газеттің иісін сағынатыным тағы бар. Өйткені бар білім мен тәрбие ауданның жаршысында. «Көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың» дегендей, жаңалықпен қанығып, газет оқыған әр адамның түсінік-пайымы басқалардан өзгеше болары анық. Сондықтан төл басылымды қолдап, аптасына екі мәрте жарық көретін аудан үнжариясына жазылуға шақырамын.

Жетпісбай КӨРПЕЛДЕСОВ,
Ұлы Отан соғысының тыл ардагері

13 желтоқсан 2025 ж. 32 0