Аудандық аурухана базасы жаңа аппаратпен толықтырылды
Сырдария аудандық ауруханасының материалдық базасы жыл өткен сайын барынша толықтырылып келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауы негізінде сан түрлі диагностикалық аппараттар алынып, тұрғындар денсаулығын жақсартуға барынша жұмыс жасалуда. Күнделікті сапалы технологияның көмегімен сырқаттардың денсаулық жағдайын саралауға ақ халатты абзал жандар зор мүмкіндік алады.Жақында Сырдария аудандық ауруханасының базасына жаңадан «AR-Mammo» цифрлы маммография аппараты табысталды. Қазіргі уақытта емханаға қарасты функционалды-диагностикалық бөлімінің мамандары құны жоғары аппаратпен жұмыс жасауда. Денсаулық сақтау басқармасы басшылығының бастамасымен жүзеге асқан аталған аппараттың науқастың диагнозын анықтауға ықпалы зор.
– Жасанды технологияның заманында «AR-Mammo» цифрлы маммография аппаратымен жұмыс жасау тиімділігі жоғары. Бұған дейін аурухана базасында медициналық құрылғылар көптеп алынуда. Сала мамандары кәсіби біліктілігін арттыра отырып, заманауи технологияның игілігін көруде, – деді бас дәрігер Жанар Жұмабаева.
Сырдария аудандық ауруханасының баспасөз қызметі










