Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Face-Id: Бағдарламаның артықшылығы қандай?

Face-Id: Бағдарламаның артықшылығы қандай?

Медицина саласында күнделікті жұмыс сапасын жақсарту мақсатында тың өзгеріс орын алып жатады. Ақпараттық технология дамыған тұста денсаулық сақтау жүйесінде сан түрлі қызметті жандандыруға қатысты реформа жүргізіледі. Салаға жауапты министрлік медициналық көмектің сапасына қатысты сын көп айтылғандықтан, Мемлекет басшысының Жолдауының аясында нәтижеге бағытталған бірнеше жобаны қолға алды.

Еліміз бойынша жаңа жылдан бас­тап, медициналық ұйымдарда Face-ID бағдарламасымен емделушіні қабылдау жүзеге асып отыр. Әрбір емделуші дәрігерге келгенде веб-камера арқылы жеке басының сәйкестігін нақтылайды. Цифрлық технологияға иек артқан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аталған жобаны өткен жылы Астана қаласындағы бірқатар емханадан бастаған. Қыркүйек айынан бастап, «жалған деректерді тіркеуге» қатысы болған медициналық ұйымдар тексеріле бастады. Ақырында, заңсыздықтардың алдын алу үшін Face-ID бағдарламасы енгізіліп отыр.

Бүгінде Face-ID бағдарламасымен Сыр­дария аудандық ауруханасының дәрігерлері жұмыс жасауда. Бұдан бөлек, ақ халатты жандар науқасты қабылдау, кеңес беру, диагностикалық ем-шараны жүргізу үшін веб-камераның көмегімен сәйкестендіру немесе «eGov Mobile», «Kaspi.kz», «Halyk» таңбалы 6 нөмірді растау негізінде цифрлық жүйені енгізу бойынша жұмыс жасайды. Пилот­­тық жоба медицинадағы бірнеше кемшілік пен артықшылықты анықтауға мүмкіндік береді. Мәселен, деректер қауіпсіздігін жақсартуға, сәйкестендіру қатесін азайтуға, денсаулық сақтау жүйесіне сенімділікті арттыруға, құпия­лықты сақтауға барлық мүмкіндік қарастырылған.

– Сырдария аудандық ауруханасының дәрігерлері Face-ID бағдарламасымен науқастарды қабылдауды бастап кетті. Қазіргі уақытта учаскелік дәрігерлер қабылдау уақытында осы бағдарламаны пайдалануда. Әрбір учаскелік аймақ бойынша тұрғындарға емханаға ке­ліп, тіркелу керектігіне байланысты ақпарат берудеміз. Сырдария ауданында 21 аймақ бар. Сонымен қатар маман­дандырылған дәрігерлеріміз де жаңа жүйені меңгеруде. Алдағы уақытта жаңа жобаның тиімділігін жергілікті ха­лық көреді деп сенеміз. Медициналық ұйымдарда веб-камерамен қамтамасыз ету жүргізіледі, – деді Сырдария аудан­дық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
21 қаңтар 2025 ж. 262 0