Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Басылымның беделі оқырманымен өлшенеді

Басылымның беделі оқырманымен өлшенеді

Біздің жас кезімізде интернет, ақылды гаджет, ғаламтор деген сөздер көп қол­данылмайтын. Мектеп қабырғасынан бастап кітап пен газетті қолымыздан тастамай өстік. Әлі күнге дейін рухани азықтың тереңіне бойлап, қоғам өмірінен тыс қалған емеспіз. Адамның ырқына көнбейтін бүгінгі өмірдің ағысы жаңа технологиямен тығыз байланысып жатыр.

Әрқашан аудандық «Тіршілік тынысы» газетінен көз жазбайтын жасымыз егделікке жеткен біз үшін әрбір ақпараттың дер кезінде жеткізілуі маңызды. Қазіргі уақыт­та аптасына екі мәрте газетті үйімізге әкеліп, таратушы қуантады. Шын мәнінде, жазда аптап ыстықта, қыста қытымыр аязда табанынан тозып еңбек ететін газет та­ра­ту­шысының жұмысын көзіміз көріп жүр. Олар ұжым дайындаған сапалы ақпаратты ауданның түкпір-түкпіріне жеткізуге зор үлес қосып келеді.

Міне, жыл аяқталар тұста баспасөзге жазылу науқаны жүріп жатқанынан барлығымыз хабардармыз. Газеттің ғұ­мыры ұзақ болуы үшін басылымның оқырман санын арт­тыр­ғанымыз жөн. Осы орайда, аудандық газетке жазылуды негізгі мақсат-міндетімізге айналдырайық, ағайын!

Өтепберген ӘБІЛОВ,
еңбек ардагері

02 желтоқсан 2025 ж. 235 0