Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Айдарлыда мониторинг жүргізілді

Айдарлыда мониторинг жүргізілді

Осы күні туберкулез дертіне байланысты кешенді іс-шаралар жалғасын табуда. Сырдария аудандық ауруханасының фтизиатр-дәрігері Ләззат Ибраймова, фтизиопедиатр Анар Ибраймова Айдарлы ауылында болып, мониторинг жұмысын жүргізді.

Аурухананың қос дәрігері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылы «Туберкулездің алдын алу шараларын жүзеге асыру» мақсатында №214/2020 бұйрығы негізінде саладағы жұмыстарға қадағалау жүргізеді.

Мониторинг аясында арнайы бұйрықтан туындайтын мәселелерді басшылыққа ала отырып, ауылдық жердегі емдеу мекемесінің жұмысын саралап, елді мекен мамандарына бірнеше бағытта кеңес айтылды. Ауылдағы медицина мамандарына дертті болған жандармен жұмысты күшейту керектігі түсіндірілді. Оның ішінде, балалар арасында аталған дерттің алдын алу маңыздылығы ескерілді.

Сырдария аудандық ауруханасы

07 шілде 2025 ж. 375 0