Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Даму» қорының қолдауымен салынған студенттік жатақхана

«Даму» қорының қолдауымен салынған студенттік жатақхана

Студенттік жатақхана - білім алушылардың сапалы өмір сүруі мен оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға арналған маңызды әлеуметтік нысан. Мұндай инфрақұрылым оқу орындарының тартымдылығын арттырып қана қоймай, жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға да ықпал етеді.

Осы бағытта «ForteBank» АҚ-ның несиесі бойынша, «Даму» қорының қолдауымен Қызылорда қаласында әлеуметтік маңызы бар тағы бір жоба сәтті жүзеге асты. «Іңкәр-7» ЖШС салған жаңа студенттік жатақхана қаланың орталық бөлігінде бой көтеріп, заманауи талаптарға сай тұрғызылды.

Ғимаратта студенттердің жайлы тұруына барлық жағдай жасалған: кең бөлмелер, оқу және демалыс аймақтары, асхана мен кір жуу бөлмелері қарастырылған. Әсіресе, қауіпсіздік пен санитарлық талаптарға ерекше көңіл бөлінген.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
08 қазан 2025 ж. 402 0