Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ардагерлер мереке мезіретін сезінді

Ардагерлер мереке мезіретін сезінді

«Руханият орталығында» «1 қазан Халықаралық қарттар күні» мерекесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімі ардагерлерімен кездесуі өтті. Салтанатты жиынға бөлім басшысы, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, сала мамандары, ұзақ жыл еңбек еткен ардақты ардагерлер қатысты.

Бұл ретте іс-шараны ашқан бөлім басшысы Жұмабек Әшімұлы жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.
– Өткен жылдың сәуір айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызыл­орда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімінде құрылымдық өзгеріс орын алып, бірнеше мекеме біріктірілді. Соның нәтижесінде, жер тіркеу және жер кадастры, әлеуметтік сала мен халыққа қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар жанданып, жаңа серпін алды. Бүгінгі қоғамдағы әрбір жетістік, әрбір табыс – кешегі үлкендеріміздің еңбегінің, өмірлік тәжірибесінің жалғасы екені дау­сыз. Қазақ халқында «Қарты бар үй – қазыналы үй» деген дана сөз бар. Шынында да, ақылмен қарттарымыздың ғибратты ғұмыры мен ұлағатты өнегесі – кейінгі жас ұрпаққа бағдар болары сөзсіз. Қарттар күні – қарияларымызға деген шынайы құрмет пен алғысымызды білдіретін мереке. Бұл күн – аға буынға тағзым етіп, олардың ел үшін атқарған еңбегін бағалайтын, ізгі дәстүрімізді жаңғыртатын айрықша күн. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға шаттық пен бақ-береке тілеймін. Елдің игілігі жолындағы жасампаз істеріңіз әрдайым жас буынға өнеге болып қала бермек, – деді бөлім басшысы.


Сала ардагерлері Айшакүл Ақназарқызы, Алмагүл Елтайқызы, Алтын Болғанбаева, Күләш Садуақасқызы, Ұлпан Елеусінқызы, Жәнібек Ибрагимұлына құрмет көрсетіліп, арнайы аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың және бөлім басшысының алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар сый-сияпат үлестірілді. Қариялардың ел үшін сіңірген еңбегі ескеріліп, олардың өнегелі өмір жолы жас буынға үлгі ретінде аталды.


– Уақыт жүйрік. Кеше ғана бірге қызмет етіп, талай істі бірге атқарған әріптестерім бүгінде білікті маман, тәжірибелі тұлға болып, халыққа адал қызмет етіп жүргендеріңізді көріп қуанып отырмын. Бізді ұмытпай, құрмет көрсетіп жатқан барша азаматтарға алғысымыз шексіз. Қарттар күні – тек бір күндік мереке емес, ол – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің айғағы. Қарияны қадірлеу – халықтың қанына сіңген асыл қасиет екені тағы бір мәрте дәлелденді. Жұмыстарыңа береке, отбасыларыңа амандық тілей­мін, – деді ардагер Ұлпан Елеусінқызы.
Жиын соңында мерекелік дастарқан жайылып, көңілді ән-шашу ұсынылды. Қазыналы қарттар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Ақтоты ТЕМІРХАНҚЫЗЫ
04 қазан 2025 ж. 75 0