Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңадан жасақталған бөлімге басшы тағайындалды

Жаңадан жасақталған бөлімге басшы тағайындалды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Айда Абибуллаева ауданға арнайы іс-сапармен келді. Филиал жетекшісі қайта жасақталған үш бөлімнің жаңа басшысын іргелі ұжымға таныстырды. Өз кезегінде зейнетақы төлеу, халыққа қызмет көрсету бойынша және жылжымайтын мүлікті тіркеу, жер кадастры саласы біріктірілген бөлімге тәжірибелі басшы Жұмабек Ембергенов тағайындалды.

Кездесу барысында Айда Ибрагимқызы қайта жасақталған бөлім басшысының өмір жолына тоқталды.

– Бірнеше жыл бойы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Сырдария аудандық бөлімі басшысы қызметін атқарып келген Жұмабек Әшімұлының іс-тәжірибесі көпшілікке мәлім. Білікті басшы қашанда ұйымдастырушылық қабілетімен ұжымның жұмысын үйлестіре білді. Ол – 1994-1995 жылдары әскери борышын өтеп, 1996-1998 жыл аралығында Қызылорда аграрлық техникалық колледжінде білім алды. 2000-2004 жылдары «КАУ» Қазақ академиясы университетінің жоғарғы оқу орнын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 2020 жылы Қызылорда «Болашақ» университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білімін жетілдірген. Еңбек жолын 2001-2005 жылдары облыстық ішкі істер департаментінде «Арлан» арнайы мақсаттағы взводының полицей снайпері болып бастаған. 2005-2006 жылдар аралығында Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінде Анықтау тобының аға анықтаушысы қызметін үйлестірген. 2006-2007 жылдар аралығында Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің қылмыстық жедел іздестіру бөлімінің аға оперативтік уәкілі болған. 2007-2008 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Сырдария аудандық филиалының реттеу зал басшысы қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Сырдария аудандық филиалының басшысы қызметін атқарды. 2011-2012 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі Жалағаш аудандық филиалының басшысы қызметінде бола білді. 2012-2016 жылдары «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қызылорда облысы бойынша департаментінің Сырдария аудандық бөлімінің басшысы міндетін абыроймен атқарды, – деді Айда Ибрагимқызы.

Айта кетейік, Жұмабек Әшімұлы Сырдария аудандық мәслихатының VI және VII шақырылым депутаты ретінде ел-халықтың мәселесін шешуге атсалысты. Бүгінде облыстық мәслихатында халық қалаулысы ауданға қатысты түйткілді дүниелерді атқарушы билік өкілдеріне жеткізіп келеді. Кездесуде әріптестері жаңа басшының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
18 сәуір 2024 ж. 184 0