Қазыналы қарттар шаһар нысандарын аралады

Ардагерлердің келесі бағыты - физика-математика бағытындағы мектеп-интернаты. Қазыналы қариялар жаңа білім ордасының құрылымымен, оқу сыныптарымен және зертханаларымен танысты. Бұл мектептің аймақ үшін маңызы зор, өйткені мұнда ғылымға бейім жасөспірімдер тереңдетілген білім алып, болашақта елдің ғылыми-техникалық дамуына үлес қосатын мамандар ретінде қалыптасады. Аға буын өкілдері жаңа мектеп-интернаттың заманауи талаптарға сай жабдықталғанын атап өтіп, оқушыларға сапалы білім мен тәлім берілетініне сенім білдірді.
Жақында ғана аймақтың сол жағалауынан заманауи үлгіде салынған “Syr-Darya” коммуналдық базары ашылған болатын. Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер осы жаңа нысанмен танысты. Заманауи талаптарға сай салынған базарда сауда-саттық үшін қолайлы жағдай жасалған. Мұнда тұрғындар күнделікті тұтынатын тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады. Ардагерлер базардың кең де жарық павильондарын аралап көріп, жергілікті халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жоғары бағалады.