Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Халықаралық қарттар күні: ардагерлер аймақтың айшықты нысандарын аралады

Халықаралық қарттар күні: ардагерлер аймақтың айшықты нысандарын аралады

Халықаралық Қарттар күніне орай облыс ардагерлерін бірқатар нысандармен таныстыру барысында ардагерлер қалалық мәдениет және демалыс паркіне барды. Жақында абаттандырудан өткен саябақтың жаңаша келбеті аға буын өкілдеріне ерекше әсер қалдырды. Ардагерлер парктің жаңғыртылған нұсқасын жоғары бағалап, қаланың мәдени өміріне тың серпін беретінін атап өтті.

Ардагерлердің келесі барған нысаны – «Қызылорда САЗ-М» заманауи кірпіш зауыты болды. Зауытта олар құрылыс индустриясына қажетті жоғары сапалы кірпіштің дайындалу барысымен танысты. Заманауи технология негізінде жұмыс істейтін өндіріс орны аймақтың құрылыс саласын сапалы материалдармен қамтамасыз етуде маңызы зор.

Ардагерлер сондай-ақ жаңа жылу электр орталығының құрылысы барысымен танысты.

Мамандардың айтуынша, құрылыс толық аяқталған жағдайда бұл орталық бүкіл Қызылорда қаласын тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге жаңа нысан аймақтың энергетикалық тәуелсіздігін арттырып қана қоймай, елдің жалпы энергетикалық жүйесіне де оң ықпалын тигізбек.


01 қазан 2025 ж. 154 0