Еріктілер кеңесі өз үлестерін қосуда

Осы ретте, жастардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын көрсету және жастарға кәсіптік бағдар беру, дұрыс мамандық таңдауға көмектесу мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында құрылған еріктілер кеңесінің тарапынан да түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Мәселен, Сырдария, Шиелі аудандарында жастар арасында кездесулер ұйымдастырылса, облыс көлемінде «Еңбек — елдің тірегі» науқаны аясында еңбек адамын дәріптейтін билбордтар ілінді.

Әрбір өткізілген шаралар соңында еліміздің жарқын болашағы жолында әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене атсалысып жүрген жұмысшы мамандар марапатталды.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» экологиялық жобасын кеңінен насихаттау және оны жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы жанынан «Тазалық патрулі» волонтерлық жасағы жұмыс жасауда. Ағымдағы жылдың тамыз айында 100-ге жуық эковолонтерлердің қатысуымен «Тазалықты сақта-болашақты қорға» атты экологиялық қоқыс жинау сайысы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет
саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Сәкен Жумаев