Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жұмысшы мамандықтар жылы

Жұмысшы мамандықтар жылы

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылдық құттықтауында Қазақстанда 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялау — өте маңызды және уақытылы бастама. Бұл шешім жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін арттыруға және еңбек нарығында осы салалардың дамуына қолдау көрсетуге бағытталған.

Көптеген салаларда жұмысшы мамандықтары — инженерлер, токарьлар, дәнекерлеушілер, құрылысшылар, механиктер — ең маңызды рөл атқарады. Бұл мамандықтардың қадірі мен маңызын қайта жаңғырту қоғам үшін пайдалы болар еді.

Жұмысшы мамандықтары саласында оқитын жастардың санын арттыру және кәсіптік білімнің сапасын көтеру қажет. Бұл тек жұмысшы кадрларды даярлауға ғана емес, жалпы экономиканың сапалы дамуына да әсер етеді. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарында жұмыс істейтін адамдардың еңбегінің құнын түсінетін қоғам қалыптастыруға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.

Мұса КЕЛДІБАЕВ,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
03 қаңтар 2025 ж. 70 0