Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

№ 72 газет

23 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күрделі мәселесіне айналып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын құбылыс екені даусыз.

Өзекті мәселе әлемдегі барлық елдің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланысты. Оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде көрініс беріп келеді. Қауіпті індет ауқымдылығымен де ерекшеленеді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Жалпы Сыбайлас жемқорлық инвестициялық климатты нашарлатады. Шетелдік және отандық инвесторлар жемқорлық жайлаған елдерге қаржы құюдан тартынады. Бұл ұлттық экономиканың баяулауына, жұмыс орындарының азаюына әкеледі. Халықтың билікке, мемлекеттік органдарға деген сенімі азаяды. Егер азаматтар әділдікке қол жеткізе алмайтынын сезінсе, бұл олардың азаматтық белсенділігі мен патриоттық сезімін әлсіретеді.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық ел тұрғындарының азаматтық борышы деп білу керек.

Алмат СӘДУАҚАСОВ,
Сырдария аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы
30 қыркүйек 2025 ж. 101 0