Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті

Біздің еліміздің тәуелсіздік алған соң басқа басымдықтардан бұрын, ең алдымен құқықтық мемлекет құруды мақсат етуінің өзі осы кез келген саланың дамуын құқықтық жақтан мінсіз қамтамасыз етуге негізделсе керек.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекетпен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
Сырдария аудандық соты бұл тақырыпты түрлі дөңгелек үстел, семинарлардың да тақырыбына айналдырып келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресте күштік құрылымдардың өзара тиімді жұмыстары талқыға салынса, сот қызметкерлері, судьялар қатысқан семинарларда саланы жемқорлықтан таза ұстаудың тетіктері сарапқа салынады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен ірітіп, жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетін індет. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіргенде ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық парызы деп білуіміз керек!
Меңдігүл Асан
Сырдария аудандық соты
әкімшісінің бас маманы