Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жұбайына қол көтергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Жұбайына қол көтергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігімен азамат Д.-ға қатысты қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін  іс қаралды.

Азамат  Д. зайыбы Ш-ны ұрып, яғни тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу әрекеттерiн жасаған.

Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен және істің басқа да құжаттары дәлелденді.

Сотталушы Д. өзінің кінәсін мойындап, шын жүректен өкінетіндігін айтты.

Сот үкімімен сотталушы Д.-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
08 шілде 2025 ж. 476 0