Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуы­на, тамырына балта шабатын қатерлі дерт. Ол тек бір адамның емес, тұтас мемлекеттің болашағына зиян тигізетін құбылыс. Қазіргі таңда бұл мемлекеттің экономикасына да, моральдық және әлеуметтік саласына да ауыр зардабын тигізуде. Осы орайда Сырдария аудандық архиві филиалы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күрес тоқтамайды» атты дөңгелек үстел өтті.

Жемқорлықтың салдары әр салада көрінеді. Білімде – сапа­сыз маман даярланады, медици­нада – адам өмірі саудаланады, экономикада – халық байлығы бірлі-жарымның қалтасына кетеді. Мұның бәрі қоғамның дамуын те­жеп, адамдарды әділ еңбекке емес, құйтұрқы істерге итермелейді.

Дөңгелек үстелге аудандық архив филиалының басшы­сы Жәнібек Сейлов, «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшы­сы Ақтөре Ибрагимұлы, қоғамдық кеңес хатшысы А.Романкулова, ардагерлер кеңесінің хатшы­сы А.Төленова, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік кор­порациясы КЕАҚ Қызылорда облы­сы бойынша филиалы Сырдария аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы А.Раимова, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен аудандық архив филиалының қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны аудандық архив филиалының басшысы Жәнібек Сейлов ашып, мемлекеттің болашағына сыбайлас жемқорлықтың тигізетін зардабын ай­тып өтті.

– Сыбайлас жемқорлық – ең өзекті тақырыптардың бірі. Ол нағыз қоғам дерті. Діни жағынан да алып қарасақ, Пайғамбарымыз с.а.с. хадисінде «параны алушы да, оны беруші де тозақтық» деп жазылған. «Алмақтың салмағы бар» деген сөз бар қазақта. Ата Заң бойынша да жемқорлыққа араласқан әрбір адам тиісті жаза­сын алады. Мүлкі тәркіленіп, бас бостандығынан айырылады. Енді архив саласымен ұштастырсақ. 2020 жылдан бастап бұл сала цифрландыру үстінде. Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «цифрлан­дыру» бойынша да айрықша ай­тып өтті. Бұның түпкі мақсаты қағазбастылықтан арылту, адам мен адамды жолықтырмау. Осы­лай сыбайлас жемқорлықтың аза­юына үлес қоса отырып, әділдікке біртабан жақындайтынымыз анық, – деді Жәнібек Сейлов.

Әрі қарай дөңгелек үстел қатысушылардың пікір алмасуы­мен жалғасын тапты. «AMANAT» партиясының Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы жемқорлықты жеңудің басты жолы – қоғамда әділдік пен адалдық құндылығын нығайту керек екендігін, сондай-ақ саналы, білімді, әділ ұрпақ тәрбиелеу өзімізден басталатынын айтып өтті.

Қазіргі таңда Қазақстан Ре­спубликасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске айрықша мән берілуде. Арнайы заңдар қабылданып, бақылау күшейтілді. Дегенмен бұл тек мемлекет атқаратын жұмыс емес. Әрбір азамат өз үлесін тиісінше қосып, әділетті қоғам орнатуға атсалысуы маңызды.


Гүлсезім ТАБЫНБАЙ
13 қыркүйек 2025 ж. 134 0