Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ҚАУІПТІ КЕСЕЛІ

ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ҚАУІПТІ КЕСЕЛІ

Аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Жемқорлық – қоғамға жат құбылыс" атты дөңгелек үстел өткізілді.

Осы форматта ұйымдастырылған басқосуға "Нұр Отан" партиясы аудандық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Ш.Нұрсейітов, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиал кеңесшісі Б.Ахметов, аудандық жергілікті полиция бөлімшесінің инспекторы С.Бишекова, аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы Б.Римов және Сырдария агротехникалық колледжінің жоғарғы курс студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қоғамның қауіпті кеселінің алдын алу мемлекетіміз үшін маңызды екендігі айтылды.

Кездесу соңында күн тәртібіне байланысты жасақталған арнайы бұрышқа шолу жасалды.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ      
27 ақпан 2019 ж. 805 0