Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бесарықтықтар медицина мамандарының қабылдауында болды

Бесарықтықтар медицина мамандарының қабылдауында болды

Әр аптаның жұмасында аудандық аурухананың дәрігерлері елді мекендерді аралауды әдетке айналдырған. Бас дәрігердің арнайы тапсырмасы негізінде акушерлік гинекологиялық көмек көрсету ұйымдастыру стандарттарын бекіту туралы 2021 жылы шыққан №92 бұйрыққа сәйкес, мобильді топ мүшелері Бесарық ауылана барған еді.

Іс-сапар барысында дәрігерлер мен орта буын қызметкерлері жергілікті халықты қабылдап, денсаулығына байланысты кеңес берді. Дәрігерлер егде жастағы жандардың, туу жасындағы қыз-келіншектің, балалардың денсаулығына жіті көңіл бөлді.

Мобильді топ құрамында акушер-гинеколог Н.Әбішова, онколог М.Халыбева, психолог М.Маханбетжанов, ЖВФ жауапты мейіргері Ж.Молдахметова, ерлер кабинетінің мейіргері Н.Қошанов бар.


Сырдария аудандық ауруханасы

09 қыркүйек 2025 ж. 355 0