Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй шаруашылығына керекті кеңестер...

Үй шаруашылығына керекті кеңестер...


✅ Мақталы киімге тиген дақтан арылуға пияз көмектеседі. Пияз шырынын даққа жағып, 24 сағатқа қою керек. Кейін киіміңізді əдеттегідей етіп жуып ала бересіз. 

✅ Тоңазытқыштағы жемісіңіз ұзақ сақталсын десеңіз, жеміс жатқан жəшік түбіне газеттен басқа кез келген қағазды қоюға болады. Оны əрдайым ауыстырып тұруды ұмытпаңыз. 

✅ Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуып жатқан кезде суыңызға салып қойсаңыз, ыдысыңыз жылтырап, жаңа бір өңге ие болады. 

✅ Егер пердеңізге антистатик сеуіп қояр болсаңыз, пердеңізге айтарлықтай шаң тұрмағанын байқайсыз. 

✅ Егер аяқ киіміңіздің өкшесі тықылдайтын болса, оған кастор майын жағып, бір түнге қалдырыңыз. Ертеңіне сабын суға жуылған дымқыл шүберекпен сүртіп алу керек. 

✅ Алтын əшекейіңізді тазалай алмай жүрсіз бе? Ыдыс жуатын сұйықтыққа салып 15 минутқа қою керек. Сосын жұмсақ шүберекпен сүртіп аласыз. 

✅ Жаңа джинсиіңіздің өңін бермегенін қалайсыз ба? Тұзды суға салып қойыңыз. 

✅ Күрішті қайнатып жатқан суға, 1 ас қасық сірке суын құйсаңыз - аппақ əрі езілмей піседі. 

✅ Күріштің аппақ жəне езілмеу үшін оны қайнап тұрған тұздалған суға сала отырып, бірнеше тамшы лимон шырынын немесе суда ерітіп алынған лимон қышқылын қосыңыз. 

✅ Ашылған қызанақ пастасын сақтау үшін, қақпағына құрғақ қышаны салу керек. 

✅ Қызылша 3 - 3,5 сағат қайнайды. Оны тез қайнату үшін 1 сағат қайнатып, сосын оттан алып, 10 минутқа салқын ағын суға қою керек. Қызылшамыз дап - дайын. 

✅ Егер сіз жас балғын екеніне күдіктенген болсаңыз, шамамен 10 см сыйымдылықта су құйыңыз да, жұмыртқаны салыңыз. Балғын жұмыртқа жатып қалады. Ал жұмыртқанының бір жағы көтерілсе оларды бірінші пайдалану қажет. 

✅ Кофені қатты қайнатуға болмайды. Дəмі жəне хош иісі жойылады. Егер сіз қатты қайнатып алсаңыз, тез арада кофе қайнатқышты оттан алып, бірнеше тамшы суық су құйыңыз.
26 маусым 2018 ж. 1 858 2

Гость JeaOrer от 25 ақпан 2019 17:48
Generic Priligy Safe Phifer Viagra Effects Of Amoxicillin With Alcohol order cialis online Zithromax Generic Cost

Гость JeaOrer от 14 наурыз 2019 10:31
No Prescription Atomoxetine Cialis Andorra Sin Receta http://ausgsm.com Vente De Cialis Sur Le Net