Үй жағдайында шашты қалай күтеміз?






✅ 6. Дымқыл шашқа йодталған тұзды уқалап жағуға болады. Бұл әдісті 10 рет қайталаған абзал. Бұдан кейін шашыңыздың түсуі де тоқтайды. Қоспаны жақсылап жуып тастау керек.
✅ 7. Шашыңыз ұшталатын болса, ал масканы жасауға ерінетін болсаңыз, шаштың ұшына ошаған, майсана, зығыр, тіпті өсімдік майын жағып қойыңыз. Май кез келген мәселені шеше алатын қасиетке ие. Алайда оны шаштан жақсылап кетіріп, жуу керек. Майды аз-аздан жаққан абзал, әйтпесе кетіру де қиын болады. Бұл әдісті 2-3 рет қайталаған жөн.
✅ 8. Шашқа арналған арнайы ампуланы да пайдалануға болады. Алдымен оны 5 минутқа ыстық суда ұстап, сосын бар шашқа жағу керек. Егер де сағаттап отыратын уақытыңыз болмаса, полиэтиленді пакеттің орнына шашты фольгамен орауыңызға болады. Ол бұл рәсімді екі есе уақытқа қысқартады.
✅ 9. Шашты жуғаннан кейін түймедақ, қалақай, құлмақ, аққайың жапырақтары секілді шөптерден жасалған тұнбамен шайған жөн. Шашыңыз жұмсарып, тезірек өседі. 1 литр суға 3-4 ас қасық шөп жеткілікті. Сондай-ақ арақ қосылған қоспамен де шаюға болады, ол үшін 1 литр суға 1 ас қасық арақ жеткілікті болады.
✅ 10. Орташалау пиязды дөңгелектеп кесіп, жарты стақан ромға салып, 24 сағатқа қалдырыңыз. Сүзіп алып, қалған сұйықтықты басыңызға жағыңыз. Бұл әдіс шаштың түсуі кезінде қолданылатын ем.
Пікір 2