Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » YouTubе-тің штаб-пәтерінде атыс болды

YouTubе-тің штаб-пәтерінде атыс болды


Полицияның дерегі бойынша, YouTubе-тің штаб-пәтерінде әйел адам атыс қаруымен үш адамды жарақаттап, кейін өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды BBC. 
Зардап шеккен үш адам Сан-Францискодағы Цукерберг госпиталіне жеткізілген. Ауыр халде жатқан 36 жастағы ер адам күдіктінің сүйіктісі болған, деп хабарлайды CBS. Сондай-ақ, 32 және 27 жастағы екі әйел жарақаттанған. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр және орташа ауыр деп бағалап отыр.
Сан-Бруно полиция бастығы Эд Барберини офицерлердің оқиға орнына жергілікті уақытпен сағат 12:48-де жеткенін мәлім етті. Полицейлердің айтуынша, оқиға орнында аласапыран болып, көп адам қашып құтылған. Барберини оқ тиген бір адамның компания кеңсесінің алдында табылғанын мәлім етті. Офицерлер бірнеше минут өткеннен кейін өзін-өзі атқан әйел адамның денесін тапқан. Тағы екі зардап шегуші жақын маңдағы мейрамханадан табылған. Оларға қызметкерлер алғашқы көмек көрсетуге тырысқан.
Оқиға орнынан қашып бара жатып жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілген. Күдікті табылғанда қолында тапанша болған. Оның кім екені хабарланған жоқ. YouTube штаб-пәтерінде 1700 адам жұмыс істейді. Компания Google-ға тиесілі және сол аудандағы ірі жұмыс беруші саналады.    
04 сәуір 2018 ж. 1 385 0