Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәртіпке бағынған құл болмайды

Тәртіпке бағынған құл болмайды

Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Дәурен Ералиев 2025 жылдың алты айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді. Конференцияға жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің мамандары мен аудандық сот ұжымы қатысты.

– Статистикалық мәліметтерге сай есепті кезеңде 9 қылмыстық іс өткен жылдан қалдыққа қалған, 2025 жылдың 6 айында 65 адамға қатысты 47 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 43 адамға қатысты 32 іс бойынша үкім шығарылған, 14 адамға қатысты 14 іс тоқтатылған, 7 тұлғаға қатысты 1 іс прокуратураға кері қайтарылған, 2 жекеше қаулы қабылданған. 2025 жылдың 6 айын­да сотқа 321 талап қою және 5 іс түскен. Барлығы 238 азаматтық іс қарал­ған, оның ішінде 30 іс бойынша сот бұйрығы, 127 шешім қабылданып, 62 іс өндірістен тоқтатылған, 19 іс қараусыз қалдырылған. Өткен жыл­мен салыстырғанда түскен талап қоюлар мен істердің саны 74-ке, қаралған істердің саны 57 іске көбейген, – деді сот төрағасының міндетін атқарушы Д.Ералиев.

Айта кетейік, 2025 жылдың 6 айында соттың өндірісіне 215 әкім­шілік құқықбұзушылық туралы іс түсіп, 1 іс өткен жылдан қалдыққа қалған. Түскен әкімшілік құқықбұзу­шылық туралы істердің ішінде 3 іс біріктіріліп 201 адамға қатысты 201 іс қаралған. 150 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 51 адамға қатысты тоқтатылған. 6 жекеше қау­лы қабылданған.

Сондай-ақ өткен жылмен салыс­тырғанда түскен әкімшілік құқық­бұзушылық туралы істердің саны 31-ге, қаралған істердің саны 16-ға көбейген. 2025 жылдың 6 айында барлығы татуласу тәртібімен 2 аза­маттық іс, медиаторлардың қаты­суымен 59 азаматтық іс, 11 әкімшілік құқық­бұзушылық туралы іс, 4 қыл­мыстық іс медиация тәртібімен аяқ­талған. Аталған істің барлығы аудио-бейне жазба арқылы қаралған. Есепті мерзімде әкімшілік құқықбұзушылық туралы және қылмыстық істердің барлығы электронды нұсқада түсіп, қаралған.

Баспасөз мәжілісін қорытындылай келе, сот төрағасы міндетін атқарушы Дәурен Ералиев БАҚ өкілдерінің сұ­рақ­­тарына жауап берді.

«Тт» ақпарат
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ

15 шілде 2025 ж. 192 0