Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Елеулі еңбекпен – зейнетке

Елеулі еңбекпен – зейнетке

Еңбек адамы әрқашанда елге сыйлы. Биылғы жылды Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандық жылы» деп жариялады. Бұл – бүкіл еңбек адамына, жұмысшы мамандарға деген құрмет. Осы орайда «Руханият орталығының» Ахат бөлімінде зейнет жасына жетіп, қызметін абыроймен атқарған еңбек адамдары Күлжан Қалыбай, Зейнелғабдин Батталұлы және Гүлсары Мырхықызына салтанатты түрде зейнеткер куәлігі табыс­талды.

Еңбек жолындағы елеулі қызметінің жемісін көру әрбір аға буынның арманы. Зейнет жасына келу – бұл тек еңбек жолының аяқталуы ғана емес, сонымен қатар өмірлік тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің жаңа бір кезеңі іспеттес.

Бүгінде өз ісінің майталманы, жер­гілікті баспасөзді дер кезінде оқыр­манға жеткізуде аянбай еңбек етіп келген таратушылардың бірі – Күлжан Қалыбай. Бұл есім Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарына етене таныс. Әр ісіне тиянақты маман редакция мен оқырман арасындағы жауапкершілігін міндетті түрде бірінші орынға қояды. Туған жеріне қызмет етіп келе жатқан ардақты жанның тасымалдаушы қызметін атқарып жүр­геніне биыл 10 жылға таяды. Бақытын қарапайым жұмыстан тапқан еңбек адамы биыл зейнет жасына жетіп, зейнеткер куәлігіне ие болып отыр. Салтанатты түрде куәлікті жауапты бөлімнің басшысы Салтанат Бекжүнісова табыстады. Зейнеткерді «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы Аружан Мұханбетқали мен ұжымдастары құттықтап, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ, Сырдария ауданы әкімі аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызметтік орынжайды тазалаушы болып еңбек еткен Гүлсары Мырхықызы мен аталған мекеменің қарауыл қызметін атқарған Зейнелғабдин Батталұлына да зейнеткер куәлігі берілді.

Ахат бөлімінің басшысы Салтанат Бекжүнісова зейнеткерлерді зейнет жасы­мен құттықтап, алдағы уақытқа сәттілік тіледі. Еңбек адамдарын ұжым қызметкерлері құттықтап сый-сыяпат табыстады.

Гүлсезім ЖАНСЕРІКҚЫЗЫ

10 маусым 2025 ж. 154 0