Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

№38 газет

24 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Елеулі еңбекпен зейнетке

Елеулі еңбекпен зейнетке

Еңбек адамы әрқашан да елге сыйлы. Биылғы жылды мемлекет басшысы "Жұмысшы мамандық жылы" деп жариялады. Бұл – бүкіл еңбек адамына, жұмысшы мамандарға деген құрметі.

Бүгінде өз ісінің майталманы, жергілікті баспасөзді дер кезінде оқырманға жеткізуде аянбай еңбек етіп келе жатқан таратушылардың бірі – Күлжан Қалыбай. Бұл есім Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарына етене таныс. Бақытын қарапайым жұмыстан тапқан еңбек адамы биыл зейнет жасына жетіп отыр. Осы орайда, бүгін "Руханият орталығының" АХАТ бөлімінде өткен іс-шарада адал еңбектің иесі Күлжан Қалыбайға зейнеткер куәлігі табысталды. Зейнеткердің "Тіршілік тынысы" газетінің бас редакторы Аружан Мұханбетқали мен ұжымдастары құттықтады. 

Сонымен қатар, ауданда жұмысшы болып қызмет атқарған еңбер адамдары Зейнелғабдин Батталұлы мен Гүлсары Мырқықызына да салтанаттытүрде зейнеткер куәлігі табысталды. Мерекелік іс-шараны ұйымдастырып жүрген Ахат бөлімінің басшысы Салтанат Бекжүнісова зейнеткерлерді құттықтап, алдағы уақытқа сәттілік тіледі.

30 мамыр 2025 ж. 190 0