Жүмыс барысында озық тәжірибеге сүйенетін акушерка

Өз кезегінде Марина Бакуқызы аурухана жанынан ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Спорттық бәсекелерде аудандық аурухананың абыройын көтеріп, саламатты өмір салтын берік ұстанады. Мақтаулы маманның тәжірибесі ана мен баланың өмірін аман алып қалуға бірнеше мәрте септігін тигізді.
– 2001 жылы алғаш жұмысқа келгенімде Нейля Темірханқызы мен Цай Лариса көп қолғабыс етті. Сонымен қатар неонатолог Гүлмира Бегалиеваның еңбегін ерекше айтқым келеді. Бұл мамандықта адамға шыдамдылық пен төзімділік аса керек. Нәзік жандылардың қасынан табылып, олармен бірге бар қиындықты бастан өткереміз. Талай баланың «кіндік шешесі» атандық. Қоғамда өзіміз өмірге әкелген балаларды көргенде қуанып жатамыз. Әрқашан өз басым білімімді жетілдіріп отырамын. Ақпараттық технология дамыған уақытта барлық мәліметті керегімізге жаратып, кәсіби біліктілікті шыңдай түсеміз. Өз замандастарыммен бірлесіп, ақылдасып, ізденіс жүргізіп мамандығымыздың қиындығын еңсеріп отырамыз. Ұжымда әріптестеріммен бірге жасайтын жұмыстар жеткілікті, – дейді сала маманы.
Сырдария аудандық ауруханасы