Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған үшін әкімшілік қамаққа алынды

Қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған үшін әкімшілік қамаққа алынды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы Б. Тереңөзек кенті, Ғ.Мұратбаев көшесінің бойында алкогольдік масаң күйде көршілеріне былапыт сөйлеп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушының ұсақ бұзақылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, Б-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленген.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
25 сәуір 2025 ж. 197 0