Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік!

Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік!

Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңына сәйкес,  әрбір мемлекеттік орган өз қызметінің ерекшеліктеріне қарай сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізеді.

«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті қаржылық есептілік аудиті, сәйкестік аудиті, камералдық бақылауды жүзеге асыру, ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету болып табылады.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында да айқындалып, мемлекеттік сатып алудың негізгі қағидаттарының бірі сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу

Сондықтан, Департаменттің мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау бойынша жүргізіп жатқан жұмысы осы саладағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге бағытталған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 413 бұйрығымен бекітілген электрондық мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларында электрондық мемлекеттік аудит жүргізу тәртібі айқындалған.

Осы орайда, департаментпен аудиторлық іс-шараларды осы электронды тәсілмен жүзеге асыруды кеңінен қолданылуда. Сол арқылы, мемлекеттік аудит объектілеріне түсетін жүктемені азайтуға, мемлекеттік аудиторлар мен аудит объектісінің лауазымды тұлғаларының тікелей қарым-қатынасқа түспей, аудиторлық іс-шараны ақпараттық жүйе арқылы қашықтықтан жүргізу арқылы сыбайлас жемқорлықтың ықтимал тәуекелдерін азайтуға болады.

Департаментте қолданыстағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне сәйкес Департаментте Әдеп жөніндегі кеңес жұмыс жасайды. Олда ұжым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

Департаменттің барлық қызметкерлерінің міндетті қатысуымен бейнетіркеумен жиналыстар мен техникалық сабақтар өткізіледі.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша брифингтерде, телевизиялық хабарларда және "тікелей желілерде" Департамент өкілдерінің сұхбат беруі, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында Медиа жоспар бекітіліп,БАҚ-та ақпараттық-насихаттау жұмысы жүргізілуде.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат БАҚ-қа тұрақты негізде жіберілуде.

Қортындылай келе, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек. Ендеше, барлық азаматтарға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуіне және орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады.

Ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас-жемқорлық-бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану.

Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны жас ұрпақ тәрбиесіне зиян болатындығы бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен кесірін тигізеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.

Т.АБЕНОВ,  
Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысының орынбасары
23 сәуір 2025 ж. 192 0