Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғам дертімен күрес ортақ

Қоғам дертімен күрес ортақ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу мемлекеттің күрмеуі шешіл­мей тұрған өзекті мәселесінің бірі. Жемқорлық – еліміздің, қоғам­ның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екені белгілі. Бұл дегеніміз барлық қоғам болып осы дертпен бірлесе отырып алдын алу, күресу.

Жемқорлықпен ұдайы күресу үшін ең алдымен халықтың құқықтық сауатсыздығын жою қажет. Ол үшін құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керек. Әрбір адам өздерінің құқықтарын және өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-әрекет қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білуі қажет. Қазіргі таңдағы басты мақсат – конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу. Сонымен қатар, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету. Мұнан бөлек, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту болып табылады.

Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Ел болып күш біріктіріп, осы індеттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарды қолдану қажет. Бұл дегенміз жемқорлықпен күрес кез келген Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

«Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары толық қамтылған. Сыбайлас жемқорлықпен кү­рестің негізгі қағидаларын сақтау және оны жүзеге асыру жемқорлықпен күресте өте маңызды. Заң талаптарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімімен әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құрлдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында түсіндірмелер жариялап келеді. Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары тиісті жұмыстар ай сайын жүргізлуде. Сонымен қатар, Сырдария аудандық спорт клубында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тиісті түрде жалғасын табатын болады.

Бағдат ЕСЕНОВ,
Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ
07 қыркүйек 2024 ж. 103 0