Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды

Заңды күшіне енген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау, заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен азамат О-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат О. Шымкент гарнизоны әскери сотының 2024 жылғы 11 қазандағы мемлекет пайдасына 332 988 теңге өндіру туралы шешім орындамаған. О-ға жеке сот орындаушысымен сот актісін орындау міндеттілігі жөнінде ескертілген, жұмыссыз ретінде тіркеліп, қоғамдық жұмыстар не басқа да жұмыстарды жасау мүмкіндігі ұсынылған, алайда ол жұмыссыз ретінде тіркелмеген.

Сот қаулысымен О. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 13 762  теңге айыппұл салынған.


Сырдария аудандық соты
Фото: Н.Нұржаубай
21 сәуір 2025 ж. 351 0