Ұлттық дәстүр айшықталуда

Сырдария ауданында өткен ғасырдың бел ортасынан Сыр салысын еккен жерлестерім ел қазынасын молайтуға күш салуда. Ауыл шаруашылығы саласында төселген, ысылған біршама маман жерді баптауға, күрішке күтім жасауға әбден машықтанған. Бұл ретте, мол өнім алуға ниетті халықтың ырысы ешқашан ортаймауын қалаймыз. Құт қонып, бақ дарыған Сыр елінің іргелі ауданында «Наурызнаманың» онкүндігі өз дәрежесінде тойланғандығына дән ризамыз. Рухани құндылық кеңінен дәріптелді деп білеміз. Бүгінде татулығы жарасқан әрбір көшеде көршілер қауымы Әз-Наурыз мерекесін тойлауда.
Ұлыстың ұлы күнінде қазақы салт-дәстүр жаңа кейіпке еніп, ұлттық әдет-ғұрпымыз жандана түсті. Өз кезегінде ұлық мерекемен жерлестерімді құттықтаймын! Еліміз өркендеп, жұртымыз тыныш болсын!
Мақсұт ӘБІЛДАЕВ,
жеке кәсіпкер