Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Құт дарыған киелі мекенім

Құт дарыған киелі мекенім

Менің туған жерімде бойына тектілік қонған дарабоз жандар жеткілікті. Әрқашан ақыным деп ардақтаған Сыр жұртшылығының даралығы, пайым-парасаты, өнегесі, төзімділігі, сабырлығы мен ұстамдылығы ерекше. Қазақ ұлты – ежелден дана халық. Жырау мен ақынның, қаншама шайырдың түлеп ұшуына себепкер атанған өлке тарихы тереңде жатыр. Сан ғасыр бойы Сыр елінде ұлттық дәстүр жаңғырып, құндылықтың ордасына айналды.

Бала күнімнен Тереңөзек халқының тұрмысына айрықша қанықпын. Аудан орталығындағы №36 А.Жданов атындағы мектептен білім алып, мықты ұстаздардың тәлімін көрдім. Атам Дәрібай қазақша қисса-дастанды жаттатып өсірді. Әрине, жыраулар поэзиясынан нәр алған мен үшін шығармашылығымды шыңдау – ешбір қиындыққа соқпады.

Қымбатты жерлестерім, көктемнің жарқыраған күніндей өмірлерің шаттыққа, бақытқа толы болсын! Татулықпен, көркем көңіл үйлесімімен келген тамылжыған Әз-Наурыздың мерекесіне жылдан-жылға аман-есен жете беріңіздер! Әз-Наурыз елімізге құтты болсын! Жастарымыздың болашағы зор, бақыттары мол болсын! Біліммен халқымыздың асыл қасиеттерімен жастарымыз өркендеп өсе берсін!

Жадыра ДӘРІБАЕВА,
ақын, «Құрмет» орденінің, Халықаралық
«Алаш» әдеби сыйлығының иегері
23 наурыз 2025 ж. 152 0