Бұлақ көрсең, көзін аш!
Қауырсын қаламды қолына алып, жыр жазуға жаны құмартқан жастар арасында келешегінен зор үміт күттіретін жандар қаншама! Үнемі өлеңді өрнектеп, құдіретін сезіне алған жас ақындардың өлеңдерін басылым көпшілікке насихаттауда.
Биіктерге қол созған, көз жетпейтін асқарға.
Болашаққа сеніммен елдігімді ұстанып
Елу елдің қатарын толықтырған көш барда.
Ұланғайыр қазақтың ата мекен жерім бар.
Шөбі шүйгін даласы келбетіне жарасқан
Алатау мен Қаратау айдын шалқар көлім бар.
Жүз жасаған Жамбылдай өлең жырды төгемін.
Кемелденіп тасыған Сырдың суын көргендей
Шалқар шабыт шақырып, арқаланды өренің.
Данышпанды осындай тек қазақтан табар ем.
Ертеңіме сенем деп, игілігін көрем деп
Кеудесіне талайдың үміт отын жағар ем.
Жібермейтін намысын турасында хақында.
Оны алыстан іздеме, бәрі ҚАЗАҚ баласы
Ұлт намысы жоғары – ҚАЗАҚ деген атында.
Тұмарлан ӨМІРБЕК,
Сәкен Сейфулин атындағы
Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 1-курс студенті,
Ақжарма ауылы
Сәкен Сейфулин атындағы
Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 1-курс студенті,
Ақжарма ауылы
Айдарлым
Киелі Сыр елінде екен бұл өңір.
Жеті жұрттың батасына малынған,
Айдарлым деп атадым мен бүгін бір.
Мәпелеп, аялаған кіндік кесіп.
Тау тұлға Махмуд атам шыққан жерден,
Жолын қуып келемін мен де өсіп.
Жетелеген арманның соңына ертіп.
Қалдыбек пен Жәлел атам басқан жолды,
Басып келем арманымның мақсаты етіп.
Көктеймін көгеремін сен де өсіп.
Әрқашан жүрегімнің түбіндесің,
Келемін ауылымды мақтан етіп.
Үмітіңді ақтаймын деп уәде етем.
Мақтан тұтқан тұлғалардай мен де ертең,
Өлеңімді, өміріммен әрқашан да өріп өтем!
Айнұр НҰРЛАНҚЫЗЫ,
№139 орта мектептің оқушысы,
Айдарлы ауылы
№139 орта мектептің оқушысы,
Айдарлы ауылы
Самғаған көкте қыраны.
Біз боламыз жалынды,
Азат елдің ұланы.
Сыр маржаны төгілді.
Еңбекпен елге танылған,
Нағидай мықты елімді.
Еңбекке баулыр жасынан.
Адалдық деген басталар,
Отбасы, ошақ қасынан...
Айбынды, қайсар ерім бар...
Батырлар туған бұл өлке,
Осындай менің елім бар!
Раяна ҚҰДАЙБЕРГЕН,
132 Т.Айтбаев атындағы орта мектептің оқушысы,
Н.Ілиясов ауылы
Фото: adebiportal.kz