Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Қызғалдақ» балабақшасында Наурыз мерекесі аталып өтті

«Қызғалдақ» балабақшасында Наурыз мерекесі аталып өтті

Бүгін «Қызғалдақ» балабақшасында Ұлыстың Ұлы күні «Наурыз» мерекесі аталып өтті. Мерекеге балабақшаның кіші тобынан бастап үлкен топ араларында тойланып, бүлдіршіндер шат-шадыман күйге бөленді. Соның ішінде кіші топтардың мерекелік көңіл күйімен таныстық. «Балапан» тобының тәрбиеленушілері түрлі дәмнен ауыз тиіп, ерекше сүйкімді ұлттық киімдерімен көзге түсті. Топ жетекшілері Гүлзира Әділбекқызы мен Айжан Нағашыбайқызы топтағы әр бүлдіршіннің көңілін таба білген нағыз маман иелері десек артық емес. Өйткені кіші топқа жауапты болу ол үлкен жауапкершілікті талап етеді.

Ал, «Құлыншақ» тобы тәрбиеленушілері жетекшісі Гүлнұр Табынбаевамен бірге балдай тәтті дауыстарымен ән шырқады. Әрі қарай мерекелік дастарханға жайғасып, мерекенің ұлттық тағамы «наурызкөжеден» дәм татты. Қазақы нақышымызды келтіріп түрлі ұлттық киіммен түрленген бүлдіршіндер асыр салып ойнап, мерекені сезіне білді. Әр топтың мерекелік көңіл күйімен балабақша меңгерушісі Гайни Хайруллақызы танысып шықты. Бүлдіршіндердің ұлттық киіміне мақтау айтып, мерекемен құттықтады. 

Гүлсезім ЖАНСЕРІКҚЫЗЫ

19 наурыз 2025 ж. 414 1

Cedric от 31 мамыр 2025 11:17
Wow quite a lot of very good information! meilleur casino en ligne Nicely put. Kudos. casino en ligne You made your point pretty well!. casino en ligne Awesome info, Many thanks. casino en ligne francais This is nicely put! ! casino en ligne You actually expressed it very well! casino en ligne You said it nicely.! casino en ligne France Amazing plenty of excellent information. casino en ligne Excellent write ups, Appreciate it. casino en ligne fiable Amazing forum posts. With thanks! casino en ligne