Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сырдария аудандық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Сырдария аудандық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді

Сырдария аудандық мәслихат аппаратының мәжіліс залында кеңес отырысы өтті. Сырдария аудандық мәслихатының төрағасы Әжікенов Ержан Ертарғынұлының төрағалығымен 2025 жылғы №02-1-01 шешімімен Сырдария аудандық Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп кеңес мүшелеріне куәліктер табысталды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысымен қоғамдық кеңестің төрағасы болып ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Еспенбетов Маратбек Нағымұлы сайланды.

Осыдан кейін М.Еспенбетовтің төрағалығымен күн тәртібіне сәйкес қоғамдық кеңес Ережесі, Комитет төрағалары мен мүшелері бекітілді.

Кеңес төрағасы болып сайланған Маратбек Нағымұлы кеңес мүшелеріне сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріне алғысын жеткізді. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаратындығын және бекітілген жаңа құрамның жұмысына сәттілік тіледі.

12 наурыз 2025 ж. 398 0