Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

08 наурыз 2025 ж.

№17 ГАЗЕТ

04 наурыз 2025 ж.

№16 Газет

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Аналар асыл жандар

Аналар асыл жандар

Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен ауылдық мәдениет үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған " Аналар асыл жандар " атты салтанатты кеш өтті.

Мерекелік іс-шараға Сырдария аудандық мәслихаттың депутаты, "Мағжан и К" ЖШС- нің төрағасы Дархан Жұмашұлы Ералиев қатысты.
Салтанатты кеш аналар мен аруларға арналған жүрекжарды лебіз, мерекелік құттықтаумен басталды. Мерекелік шарада кеш қонағы Ералиев Дархан Жұмашұлы барша аналар қауымы мен аруларды 8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.Сонымен қатар ауыл әкімі Сағдат Нұрмағанбетұлы мерекелік құттықтау лебізін білдіре отырып, ауылымыздың экономикалық дамуына ,демографиялық өсіміне үлес қосып келгені үшін және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген апаларымыз бен қыз-келіншектерге "Алғыс хат" табыстады.
Мұнан соң мерекелік шара мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған ән-шашу концерттік бағдарламасымен жалғасты.

10 наурыз 2025 ж. 81 0