Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

08 наурыз 2025 ж.

№17 газет

04 наурыз 2025 ж.

№16 Газет

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Аудандық мәслихат депутаты зейнеткер аналарға құрмет көрсетті

Аудандық мәслихат депутаты зейнеткер аналарға құрмет көрсетті

Ауыл әкімі Сағдат Нұрмағанбетұлы және Сырдария аудандық мәслихаттың депутаты, "Мағжан и К" ЖШС-нің төрағасы Ералиев Дархан Жұмашұлы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінде ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан қадірлі аналардың үйіне барып, мерекемен құттықтады.

Дархан Жұмашұлы өз сөзінде аналарымыздың адал еңбегі мен ел игілігі жолындағы жасампаз істерін айрықша атап өтіп, олардың өнегелі өмір жолы – жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.
Ардагер аналар ауыл әкімі Сағдат Нұрмағанбетұлымен Дархан Жұмашұлының ыстық ықыластарына ризашылықтарын білдіріп, елге амандық пен тыныштық тілеп, ақ баталарын берді.

Құрметті аналарға ауыл әкімінің «Алғыс хаты» сонымен бірге "Мағжан и К" ЖШС-нің демеушілігімен гүл шоқтарымен мерекелік сыйлықтары табысталды.

09 наурыз 2025 ж. 107 0