Сыр бойының талантты перзенті

Ақынның туған жерге деген сүйіспеншілік, табиғаттың ауызға салып айтар сұлулығы, елге деген шексіз сағыныш пен күн мен айдың сұлулығы сияқты адам жүрегінің ең нәзік және терең сезімін шынайы бейнелейтін жырларын насихаттау мақсатында «Сөз маржанын жырдан терген ақын» атты бір ақын сағаты Нағи Ілиясов ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен өтті.
Жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруда, адамгершілік қасиеттерді дамытуда маңызды рөл атқаратын ақын шығармалары бойынша «Сыр бойының талантты перзенті-Қайырбек Асанов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылды.