Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№35 газет

13 мамыр 2026 ж.

№34 газет

09 мамыр 2026 ж.

№33 газет

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Ғарыш дәуірінің алтын белесі

Ғарыш дәуірінің алтын белесі

Биылғы жылдың 2 маусымда Байқоңыр ғарыш айлағы мен қаласының құрылғанына 70 жыл толады. Осы атаулы күнге орай облыс әкімдігі арнайы мерейтойлық іс-шаралар жоспарын әзірлеуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай мәлімдеді.

– Жоспар аясында жыл бойына облыстық және республикалық деңгейдегі өнер ұжымдарының концерттері, спорттық жарыстар және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бастау алмақ. Бұл жоба қала тұрғындары мен жастар үшін маңызды әлеуметтік нысан болмақ. 70 жылдық мерейтой – Байқоңырдың тарихи маңызын айшықтайтын ерекше оқиға. Ұйымдастырылатын шаралар ғарыш қаласының дамуына жаңа серпін беріп, тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды,-деді, Қайрат Ырзақұлұлы.

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

03 наурыз 2025 ж. 317 0